Конференцияның басты мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттау. Азаттықты аңсаған, сол жолда қызмет атқарған күрескер бабаларымыздың ұлы мұраты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жүзеге асқанын, Елбасы алға тартқан «Рухани жаңғыру» идеясы және Алаштың негізгі ұстанымдарының тығыз сабақтасып әрі жалғасып жатқанын, мемлекеттің тарихын көпшілікке дәріптеу, патриоттық қоғамды қалыптастыру.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- 1917 жылғы жалпы қоғамдық-саяси жағдай;
- Алашорда көсемдерінің қызметі;
- Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру.
Конференцияғабелгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар, оқытушылар мен студенттер шақырылады.
Конференция жұмысына қатысуға ниеттілер ұйымдастырушылармен байланысқа шыға алады. Конференцияға қатысты материалдар, баяндамалар (мақала) тақырыбы мен мәтіндері 23 қазанға дейін e.ensebaev@astana.kz электрондық поштасына жолдану керек.
Баяндаманы (мақала) рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіні 8 беттен көп емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 кегл көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) атауы, облыс (қала) аты оң жаққа курсивпен беріледі. Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады. Мәтіндегі қосымшалар мен сілтемелер мәтінде берілген тәртібі бойынша тік жақшаларға нөмірленеді. Дереккөздердегі дәйексіз тәртібі және бет нөмірі бойынша жақшаларда беріледі (Мысалы, [3с, 15-16]). Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес баяндамалар қабылданбайды. Конференция жұмысына қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді. Мақаланы жинаққа жариялау тегін.
Материалдар қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қабылданады. Қатысу үшін баяндамаларды 2017 жылдың 23 қазанына дейін мына мекенжайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 (625 а кабинеті), Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы.