Тәрбие • 17 Қазан, 2017

Діни тәрбиеге баса мән берілуі тиіс

59 app.timeкөрсетілді

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Елі­міз­дің қауіпсіздік саласындағы басты басымдықтарын айқындаған Елбасы Н. Назарбаевтың: «Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар мен қиыншылықтар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мем­лекеттілігімізден айырылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурс­тарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Сондықтан да ұлт­тық қауіпсіздік еліміздің бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс», деген ұлағатты сөзін әрбір қазақстандық өмірдегі басты ұстанымдарына айналдыра білгені жөн деп ойлаймын. 

Бүгінгі таңда Мемлекет басшы­сының салмақты да сали­қалы саясатының арқа­сында ұлттық қауіпсіздікке, еліміздегі қоғамдық тә­ртіпке, ішкі тыныштығымызға нұқ­сан келтірер залалдардың рес­­пуб­лика аумағында пайда бо­луына айтарлықтай алғы­шарт­­тар жоқ. Десек те, қазіргі за­манғы барлық қауіп-қа­тер­лер­дің адамзат баласына ор­тақ екендігіне ешкім таласа ал­май­ды. Ол бір адамның не­месе бір мемлекеттің ғана басы­на төніп тұрмағандығын дү­ние­жүзілік қоғамдастық, әлем жұртшылығы мойын­дады. Тіпті барлық жағынан дамы­ған өркениетті елдердің өзі қауіп-қатердің бірі болып сана­­латын халықаралық лаң­кес­­­тіктің алдында өздері­нің дәр­м­енсіздіктерін көрсет­ті. Мұн­дай мәселелерді қа­шан­да тынымсыз ізденіс, күш бірік­­тіру, бір мәмілеге келу се­кіл­­ді парасатты қа­дам­­дар ғана шеше алары сөз­сіз. Ел­басы Н.Назарбаев бұл жө­нін­­де: «Біздің зама­ны­­мыз­­­дың ерекшелігі терро­ризм­ге қарсы белсенді күрес бо­лып отыр. Әлемде тер­ро­р­шы­­­лар­­дың айуандық әре­кет­­­­тері­нен қорғалған, сірә, бір­­де-бір мемлекет жоқ. Он­да ешбір кінәсіз бей­біт аза­­мат­­­тар қаза табуда. Ха­лық­­­а­ра­лық терроризмге, діни экс­т­ремизмге, есірткі тасы­м­а­лы мен басқа да қауіп-қатер­ге қарсы күресте біз үшін өңір­лік және халықаралық күш-жігер­лерді шоғырландыру аса ма­ңыз­ды», деп бүкіл адам­зат қо­ғамына қатер төндіріп отыр­­­ған бүгінгі күннің өткір мә­се­­­ле­­лерін барлық бей­біт­ші­лік сүй­­гіш елдермен бір­лесе шешуі қажет­тігін алға тартқан болатын.

Соңғы уақыттары елімізде түрлі діни ағымдардың жаң­­быр­дан кейінгі саңы­рау­құлақтай қаптап кеткені жа­сы­рын емес. Иегова куә­гер­лері, «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымы, саен­тология, кришна және тағы басқа да экстремистік топ­тар жегі құрттай елдің іші­не іріткі салып, ата дәстүр, салт-сенімнен адастыруға күн-түн демей дамылсыз күш жұм­сауға бар. Діни іріткі салу­шылардың арқасында қоғам­ды дүрліктірген оқиға­лар да аз бой көрсетіп отырған. Әрі­ден қозғамай-ақ, өт­кен жылы маусымда Ақтө­бе қа­ласында орын алған қан­ды оқиға соған нақты дәлел болады.

Ендігі кезекте еліміздің дін са­­ла­сындағы саясатына, жас­­­­­тары­мыздың діни көзқара­сы жөніндегі тәрбиесіне бей­жай­­лықпен қарауға мүлде бол­май­ды. Өйткені қазіргі қоғам қауіпсіздігінің аса ма­ңыз­ды тармағы ол – діни тәр­бие. Сондықтан сақтық шара­­ларына ел болып қамдана білгеніміз жөн әрі оған қо­ғамның барша институты оның меншіктік нысанына қарамастан атсалысуы тиіс. Ол үшін барша адамзатты сүюге, имандылық пен адам­гершілікке баулитын қастерлі ислам дінінің құндылықтарын жастарымызға жүйелі түрде насихаттап, қатерлі діни-сепа­ратистік ұйымдардың қо­ғам­дағы астыртын сая­саты­ның ара-жігін ашып түсін­діргеніміз жөн. Ұлттық ұлан сапында бұл мәселеге жіті назар аударылып, діни экс­тремизмнің пайда болуы, оның адамды адастыру­шы­лық­тағы әдіс-тәсілдері мен тетік­­терін саралап, одан сақ­тану жайлы толыққанды тәр­бие беріліп келеді. Ендігі кезек­те бұл діни тәрбие жұ­мыс­­тары мектептен бастап бар­лық қоғамдық мекеме­лер­де атқарылса құба-құп. Сон­да ғана төрт құбыламыз түген­делері сөзсіз демекпін.

Сабыржан СҮЛЕЙМЕНОВ,
полковник, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Алматы

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар