Жуырда Арқалық аумағына қарасты Фурманов ауылында «Балдәурен» балабақшасы ашылды. «Балапан» бағдарламасы аясында жаңадан тұрғызылған екі қабатты ғимаратта бұйыртса, 60-қа жуық бүлдіршін тәрбие алмақ.
Бір-екі жыл бұрын аталған ауылда заман талабына сай келетін орта мектеп, отбасылық дәрігерлік амбулатория, сырты мен іші әсем безендірілген мешіт бой көтерген еді. Сонымен қатар, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп ауыл жастарын бір қуантып тастаған. Қазіргі таңда Фурманов ауылы – инфрақұрылымы дамыған елді мекен. Жаңа балабақша да аталған жетістіктер қатарында жыл сайын көркейіп келе жатқан ауылдың тұрғындарын зор қуанышқа бөлеп отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген «Балдәуреннің» ашылу салтанатына халықтың иін тіресе келуі осының айқын дәлелі іспеттес.
«Ел болам десең – бесігіңді түзе» дегендей, мектепке дейінгі тәрбие берудің маңызы зор екені сөзсіз. Бүгінгі заманда жан-жақты әрі заманауи жабдықталған балабақша болуы игілікті іс. Бұл мақсатты қала басшылығы үнемі назарда ұстауда екенін айтқан абзал. Осы орайда бүлдіршіндердің бастапқы тәрбие алуларына өздерінің үлесін қосып жатқан шағын орталықтарға тоқталған орынды болар. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қарамағында осындай бүлдіршіндерге арналған орталық игі іске ұйытқы болуда. Шағын орталықтарда балабақшадағы орын тапшылығы мәселесінің шешілуімен қатар, болашақ педагогтарға балалармен жұмыс жасауға машықтануына, мол тәжірибе алуына зор мүмкіндік қарастырылған.
Бұрын мұндай шағын орталық Фурманов ауылында да болғанын ескерсек, жыл санап демографиялық өсімі ұлғайып келе жатқан ауылда қала басшылығы толық балабақша тұрғызуды жөн санапты. Екі қабатты ғимаратты балабақшаға лайықтап, күрделі жөндеуден өткізу үшін қалалық бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп, қала қаражаты есебінен жаңа жылу жүйесі тартылған. Балабақша штатын құру мен оның жалақысын төлеу шығындарын өтеу мақсатында республикалық бюджеттен 5 миллион теңге қаржы аударылған.
Қызғалдақ БАЗАРБЕК.
Қостанай облысы.

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05
Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Кеше
Семейде үлескерлерді 3 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды
Заң мен Тәртіп • Кеше