Облыстан Семейге қарай шығатын үлкен жолдың бойында ауылдар көп. Солардың бірі – Қызылқоғам деген ауыл. Сол ауылдың тұрғыны Ерлан Қалелұлы үйінің ауласын кеңейту үшін, жер қазып діңгек орнатпақшы болады. Сөйтіп жүргенде ол кенеттен, адамның бас сүйегін көріп қалады. Дереу аудандық әкімдікке де хабарласып, болған жайды айтады.
Сол күні Лебяжі ауданында жолсапарда жүрген біздер де көрші ауылда болған жайды естіп, сол жерге барғанбыз. Өзіміз де куә болдық. Қаншама жыл сақталған адам денесі мен аузы жабық құмыра Ерланның ауласында жатыпты. Облыс орталығынан В.Мерц бастаған археолог ғалымдар келіп, табылған адам мен құмыраны жер бетіне сол қалпында шығару үшін ары қарай қазба жұмыстарын бастап кетті.
Фарида БЫҚАЙ.
Павлодар облысы.