Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев «Сколково» технопаркінде инновациялық дамудың «Ашық инновациялар-2017» VI Мәскеу халықаралық форумына қатысты.Биылғы форумның басты тақырыбы – цифрлы экономика. Әлемнің 90 елінен жиналған 18 мыңнан астам қатысушы цифрлы экономика мен әлемдік ақпараттандыруға қатысты ғаламдық үрдістердің трансформациялануын талқылауда.
Форум аясында «Сколково» технопаркінің базасында «Инновациялық технологиялар паркі» (ИТП) Автономды кластерлік қор өкілдігінің ашылуы өтті.
«Сколководағы» «ИТП» өкілдігінің ашылуы өткен аптада Сочиде ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшылары арасындағы келісім үрдісіндегі ЕАЭО елдерінің цифрлы экономикасын сәйкестендіруге жасаған қарымды қадамдардың бірі болды.
Қазіргі таңда біз Елбасының тапсырмасы бойынша адами капиталды және проактивті мемлекетті дамыту, цифрлы инфрақұрылымды жасау және экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесін қамтитын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жетілдірумен айналысып жатырмыз. Бұл бағдарламада экожүйені дамыту мен өнеркәсіп мекемелерін цифрландыру сияқты маңызды элементтер болады. Бағдарлама жуырда пысықталып жетілдіріледі», деді Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев.
Қазақстан вице-премьері іссапар барысында Ресей Федерациясының үкіметі төрағасының орынбасары А.Дворковичпен кездесті. Тараптар инновациялық серіктестікті нығайту қажет екендігін айтып, нақты бағыттарды талқылады.