28 Қазан, 2011

Арнайы барып қатысып қайтты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26 қазанда Эр-Рияд қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері, Премьер-министрдің орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, ханзада Сұлтан бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың қайтыс болуына байланысты азалы рәсім өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған рәсімге еліміздің атынан Қазақстан Президентінің Арнайы өкілі, ел Премьер-Ми­нис­трінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрі Әсет Исекешев қа­тысты. Эр-Рияд провинциясының губернаторы ханзада Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесуі барысында Ә.Исекешев оған Қа­зақстан басшысының Сауд Ара­бия­сының Королі Абдалла бен Әб­дел Әзизге арнайы жолдауын табыс етті. Жолдауда Тақ мұра­ге­рі ханзада Сұлтанның қайтыс бо­луына байланысты көңіл айтыл­ған және марқұмның Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың дамуына өлшеусіз үлес қосқандығы атап өтілген. Тақ мұрагері ханзада Сұл­танның тікелей қатысуымен Сауд Арабиясы біздің еліміздегі Парламент Сенатының, Астана қала­сындағы Кардиологиялық ауру­ха­наның, әскери мектептің, Петропавл қаласындағы мешіттің, сон­дай-ақ Семей қаласындағы ту­бер­ку­лезге қарсы балалар ауру­ха­на­сының құрылыстары мен бас­қа да әлеуметтік нысандар үшін қай­та­рымсыз қаржылай көмек көрсетті. Кездесу барысында ханзада Салман бен Әбдел Әзиз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл ай­тып, шынайы сезімін білдіргені үшін өзінің алғысын жеткізуді сұрады.