«Өткен ширек ғасыр ішінде Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын достық пен өзара сыйластықтың игі дәстүрлеріне сүйене отырып біз екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне жеткізе білдік. Ресей-Қазақстан саяси диалогы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы табысты ынтымақтастық қарқынды даму үстінде. Біздің елдеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясында күш біріктіруі аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің нығаюына ықпал етуде», делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Ресей басшысы қос ел арасындағы кешенді қарым-қатынастар мен конструкивті өзара іс-қимылдың одан әрі дами беретініне сенім білдіре отырып, ҚР Президентіне табыс тілейді.