Қазақстан • 23 Қазан, 2017

Астана процесінің келесі раунды белгіленді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана процесі аясындағы Сирия жө­нінде жоғары деңгейдегі жетінші халық­аралық кездесу ұрыс қимылдарын тоқ­тату режіміне кепілгер елдердің өзара келі­суімен 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.  

 

Астана процесінің келесі раунды белгіленді

Келіссөздер барысында тұтқындарды, қа­мауда отырғандарды босату, қаза тапқан­дардың денелерін беру және із-түзсіз жоғал­ғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобы­ның ережесін бекіту жоспарлануда. Сон­дай-ақ тарап­тар халық­аралық терроризммен күрес мәсе­лелерін қарас­тыруға және Сирияда минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлес­кен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Бұлардан бөлек өзекті деп табылған басқа да мәселелер талқылануы ықтимал. 

Айта кетейік, Астанада қыркүйекте өткен келіс­сөз­дердің алтыншы раунды тараптардың Сирия­да деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталған-ды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

 

«Егемен-ақпарат»