Моңғолияның орталық бөлігінде Хангай тау сілемінің аумағында қар көшкіні жүрді. Соның салдарынан 10 альпинист қаза болып, тағы жетеуі із-түссіз жоғалып кетті.
Қазір Отгонтэнгэр тауында вице-премьер Улзийсайхан Энхтувшиннің жетекшілігімен іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Билік 100 құтқарушы, екі тікұшақ және басқа да техниканы жұмылдырған.
Отгонтэнгэр – Хангай сілемінің ең биік тауы. Оның биіктігі 4 мың метр. Моңғол үкіметінің қорғауындағы қасиетті мекен саналады.