Қазақстан • 23 Қазан, 2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұрланған велосипед «Сергек» бейнебақылау камераларының арқасында анықталды. Күн сайын аталған бейнекамералар 200-ден астам түрлі қылмыс пен бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

«15 қазанда ІІД Жедел басқару орталығының қызметкері Бөгенбай даңғылы бойынша жүріс бөлігінде мас күйде жанжал шығарып жүрген белгісіз ер азаматты байқаған. Аталған жерге шұғыл түрде полицейлер жасағы бағытталды. Олар бұзақыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді және  ҚР ӘҚБтК 440-б. бойынша әкімшілік хаттама толтырды», делінген Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ 16 қазанда таңғы сағат 6.00 шамасында бейнебақылау камерасы арқылы Республика-Кенесары көшелерінің қиылысында велосипедті ұрлау фактісі тіркелген. Полиция жасақтары 36 жастағы азаматты ұстады және әрі қарай тергеу үшін полиция бөлімшесіне жеткізді. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) тіркелді. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Жалпы, «15 қазаннан бастап «Сергек»  бейнекамералары жүйесі арқылы  1371 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 20 факті - ұсақ бұзақылық, 135 факті - қоғамдық орындарда алкогольді сусындар ішу, 145 факті - қоғамдық орындарда мазалау, 300-ден астам факті - жол жүрісі қағидасын бұзу және шамамен 700 фактіге жуық басқа да бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ ЖБО бейнекамера арқылы 7 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау ашылды».