«Қазақстан аумағында жалпы құны 101,4 млрд теңгеге жеңіл, жүк таситын, автобус техникасын, арнаулы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда 13 312 бірлік автокөлік құралдары жасап шығарылған болатын. Заттай мағынада шығару көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 3 есеге асып түсті. Жеңіл автомобильдерді жасап шығару 11 575 бірлік мәніне жетіп, 3,9 есеге өсті. Автобус техникасын (448 бірлік) шығару 2017 жылдың үш тоқсанының қорытындылары бойынша ескі жылдың көрсеткішінен 4,5 есеге артты. Мамандандырылған техниканы (151 бірлік) жасап шығару 2,3 есеге өсті. Жүк таситын автомобильдерді шығару 20,4%-ға қысқарды. 2017 жылдың қыркүйек айының нәтижелері бойынша Қазақстан кәсіпорындарының конвейерлерінен 1 501 бірлік автокөлік құралдары шықты. Ол 2016 жылдың тиісті айының нәтижелерінен екі есе жоғары.
Отандық автокөліктерді сату жыл басынан 13 129 бірлікке жетті, бұл өткен жылғыдан (8003 бірлік) 64 пайызға жоғары. Жергілікті құрастыру автомобильдерінің сегментінде басым болатын позицияны «Азия Авто» АҚ иеленеді – 8772 сатылған автомобильдер немесе отандық техниканың жалпы сатылымының 67 пайызы. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-не 3003 бірлік жүк тиелген болатын (сегменттегі үлесі – 23 пайыз). Одан әрі отандық автоөндірушілердің өнімін сату рейтингінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (430 бірлік 3 пайыз), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (319 бірлік, 2 пайыз), «СемАЗ» ЖШС (226 бірлік, 2 пайыз), «АгромашХолдинг» АҚ (224 бірлік, 2 пайыз) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (155 бірлік,1 пайыз) орналасқан», деді О.Алфёров.
Сонымен қатар ол жеңіл көліктердің ең ізденіп алатын брендтерінің бестігі қайсы екенін де тілге тиек етті. Спикердің сөзінше қазақстандық құрастырудағы жеңіл автомобильдердің ең сұранысқа ие брендтерінің бестігін қаңтар-қыркүйек айларының корытындысы бойынша Lada автокөлігі бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Hyundai, KIA, Chevrolet және JAC тұр. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізіміне сондай-ақ Ravon, SsangYong , Skoda, Peugeot және Geely кірді. Жергілікті жасап шығарылған жеңіл автомобильдерді сату рейтингісін Lada брендісінің үлгілері бастады.
Басқарма төрағасы 1 047 автомобильдер қаңтар-қыркүйек кезеңінде мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларымен жеңілдікті автонесиелерге сатып алынғанын жеткізді.
«Ескі автомобильдерді сатып алу бойынша бағдарлама шеңберінде қазақстандықтар ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 25 167 бірлік техниканы пайдаға асырды. ПШКҚ пайдаға асыру бағдарламасының екінші кезеңі басталуынан үш ай өткенде жаңа көлік құралдарын сатып алуға 1 961 жеңілдікті сертификат берілген. Елдің автосалондарында барлығы 531 сертификат пайдаланылған, оған қазақстандықтар елімізде жасап шығарылған 313 автомобильдерді сатып алды», деді ол.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»