«Қарасу ауданында қар көп жауды, қазан айында 25 мм қар түседі деп белгілегенбіз, ал мұнда ол 28 ммм көрсетті. Сонымен қатар Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын маңайын да түгел қар жапты, қалыңдығы 20 мм . Қостанайда 11 мм қар түсті. Жалпы алғанда облыста он күннің нормасындай қар жауды» деді «Казгидромет» облыстық филиалының инженері Ирина Жиляева.
Ауа райын болжаушылары таяу тәуліктерде өңірде ауа райы тұрақсыз болғанымен, сықырлаған қалың қар желтоқсан айында жауатынын айтып отыр.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай