Қазақстан • 02 Қараша, 2017

Түркі Кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін қуанышпен қабыл алды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін ыстық ықыласпен және қуанышпен қабылдады. Бұл туралы Түркі Кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов құттықтау хатында мәлім етті.

Түркі Кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін қуанышпен қабыл алды

Бас хатшы құттықтау хатында Қазақстан мемлекеті қабылдаған бұл тарихи шешім түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасындағы әлеуметтік, мәдени және экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратындығын айтады.

«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін ыстық ықыласпен және қуанышпен қабылдады.

Түркі Кеңесін құраушы елдердің бірі саналатын Қазақстанның қабылдаған бұл тарихи шешімі түркітілдес халықтар мен елдердің арасындағы әлеуметтік, мәдени және экономикалық қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана көшбасшылығы мен ел халқының үлкен қадамы арқылы қабылданған латын әліпбиі Қазақстанның шар тарапқа тараған байланыстарын жеделдететініне сеніміміз мол».

«Осы орайда, Қазақстан Президенті және Түркі әлемінің ақсақалы құрметті Нұрсұлтан Назарбаевты және бауырлас қазақ халқын бұл тарихи үдерістің басталуына сәйкес Түркі Кеңесі және өз атымнан шын көңілден құттықтап, осы бағытта бұдан да биік табыстарға жете берулеріне тілектестігімді жеткізгім келеді», деп жазылған құттықтау хатта.