Бюрода алдағы жалпы отырыста Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мәселелеріне арналған Кодекс жобасын оған ілеспе заң жобасымен бірінші оқылымда қарау ұсынылады.
Сондайақ жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықты-рулар енгізу туралы заңның жобасы бірінші оқылымда енгізілмек.
Күн тәртібінде Палатаға бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеу бойынша заң жобалары ұсынылды.
Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер ор-гандарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңның жобасы ілеспе түзетулерімен бар.