Қызығам қазақтың мен ұстасына,
Көрік пен кемпірауыз, қысқашына.
Соққанда солқылдатып төске салып,
Келтірген әрбір затты нұсқасына.
Қынын да, қылышын да, күрегін де,
Соғатын ұста күші – білегінде.
Ұстаның дүкенінде жанған оттан,
Уа, темір, шынығып сен түледің бе?!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жоба авторы:
Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»