Сканерлеу кезіндегі жылдам әрекет ететін QR-коды тақтайша басқарма ғимаратында орнатылды. QR-кодты жұмыста да, кәдімгі плакат, кітапханада, құттықтау қағазына дейін пайдалануға болады.
Барлығы сіздің қиялыңызға байланысты. Кез-келген ақпаратты сақтау үшін де пайдалана аласыз.Телефондағы бағдарлама кодтан ақпаратты оқиды және оны дайын түрде береді, яғни сіздің уақытыңызды үнемдейді. Ал, басқарма ғимаратына орнатылған код арқылы облыстық мәдениет басқармасы жайлы үш тілде ақпарат аласыз. Тұрғындар тарихи және архитектуралық нысандар жайлы барлық ақпараттарды осы код арқылы біледі. Алдағы уақытта облыс орталығындағы әр ескерткішке жылдам әсер ету кодтары бар тақтайшалар қойылады.
Яғни, смартфондардағы арнайы қосымша арқылы қажетті мағлұматты алу ыңғайлы. Ақпарат латын қаріпінде үш тілде ұсынылады. Облыс тұрғындары өңір тарихымен танысады. Бұдан басқа тақтайшалар тарихи және архитектуралық маңызы бар 45 ғимаратқа орналастырылады.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар