Қазақстан • 08 Қараша, 2017

Он бір имамға қаржылай көмек көрсетті

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Өскемен аймағының 11 имамына қайырымдылық бағытында қаржылай көмек көрсетілді.

Он бір имамға қаржылай көмек көрсетті

Бүгінгі таңда «Уақып» қоры еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған топтар мен рухани шараларды қолдап қаржыландырумен қатар, діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да назар аударып отыр. «Қордың құрылуы, әсіресе асыл дінімізді насихаттауда талмай еңбек етіп жүрген имамдардың әлеуметтік мәселесін жақсарту жолында игілікті қадам болды. Дін қызметкерлерінің халыққа алаңсыз қызмет етуі үшін осындай ізгі амалдардың пайдасы зор» дейді ҚМДБ Өскемен аймағындағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.