Футбол • 08 Қараша, 2017

Мадина Нұршаева бокстан қыздар арасында Азия чемпионы атанды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионатының финалында Қазақстандық боксшы топ жарды.

Мадина Нұршаева бокстан қыздар арасында Азия чемпионы атанды

64 кило салмақта сынға түскен Мадина Нұршаева финалдық айқаста қытайлық боксшы Доу Данды жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финалда сүрінген Назым Қызайбай (51 кг), Дариға Шәкімова (75 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (81 кг-дан жоғары) қола жүлде иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар