Аймақтар • 08 Қараша, 2017

ОҚО-да халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі басталды

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шаруашылығы көрмесі жұмысын бастады.

ОҚО-да халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі басталды

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойы өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында экономиканың жаңа драйверіне айналып келетінін жеткізді.

«Бұл мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Облыстың егін шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Мысалы, бүгінгі таңға облысымызды 2,8 мың га қарқынды бау бар, олардың өнімділігі 29,0 мың га басқа бауға қарағанда 1,5-2 есеге артық. Сонымен қатар, облыста 5 мың шаруашылыққа тиесілі 1,3 мың гектардан астам жылыжайлар бар, оның ішінде 17 бірлік автоматтандырылған өндірістік жылыжайлар. Сонымен қатар сүт бағытында жаңа технологияларды қолдану белсенді түрде жүргізілуде. Заманауи қондырғылардың арқасында сиырдың әрбір басынан жылына 7 мың литрге дейін сүт алынады. Ал цифрлық технологияны қолданудың нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артады»,-деді аймақ басшысы.

Бүгінгі көрмеде Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.

Халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады. Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шет мемлекеттердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетін болады.

Айта кетейік, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.

Соңғы жаңалықтар