Көрнекі сурет
Мемлекет басшысына қостанайлық бренд өндірісі саналатын JAC, Peugeot, Ravon автокөлік сапын, сондай-ақ JAC электромобиль моделі мен Iveco базасындағы мектеп автобустарын таныстырды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа электромобиль инфрақұрылымын дамыту жайы баяндалды. Бұдан бөлек, Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мәліметтер айтылды.
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобильдер мен өзге де моторлы құралдар шығарады, 2010 жылы құрылды. 2017 жылы қаңтар-қыркүйек айында кәсіпорын 3 795 техника өндірді. Қазір зауыт қарамағында 574 адам жұмыс істейді.