Жиын шеңберінде ҚР ҚК-нің командалық құрамымен әскери-ғылыми конференция, командалық-штабтық әскери ойын өткізу, ҚР Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген әскери алқа отырысында 2017 оқу жылының қызметін қорытындылау жоспарлануда. Оқу-әдістемелік жиынның мақсаты 2017 оқу жылында Қарулы Күштердің қойған тапсырмаларының орындалуын және олардың жауынгерлік және жауынгерлік әзірлікте қол жеткізген деңгейіне шынайы баға беру болып табылады.
Оқу-әдістемелік жиын аясында Бас штабымен жедел тапсырманы шешу арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары командалық құрамының білімі мен деңгейін тексеру жүргізілді.
Оқу-әдістемелік сабақтар Қорғаныс министрінің орынбасарлары және жетекшілік ететін ҚР ҚК Бас штабы бастығы орынбасарларының басшылық етуімен өтуде. Сабақтар алдын ала бөлінген топтар бойынша Қорғаныс министрлігінің бірнеше объектілерінде өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
Әскери-ғылыми конференцияда шетел мемлекеттері қарулы күштерінің құрылуы мен дамуында негізгі үрдісті, заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен мазмұнының өзгеруін талқылау жоспарда бар.
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмаларын шешуге әскери басқару органдарының әзірлігін бағалау үшін Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының басқармаларымен «Операцияларды ұйымдастыру жөніндегі әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысы» тақырыбында командалық-штабтық әскери ойын өткізіледі.
Оқу-әдістемелік жиын Қорғаныс министрінің жетекшілік етуімен кеңейтілген әскери алқа мәжілісімен аяқталады. Онда 2017 оқу жылындағы Қарулы Күштер қызметінің қорытындысы шығарылып, 2018 оқу жылына арналған тапсырмалар қойылады.