Аймақтар • 09 Қараша, 2017

Б. Байбек: Биыл қалада кезекте тұрған әрбір үшінші алматылық баспаналы болады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек биыл қалада кезекте тұрған әрбір үшінші алматылық баспанаға қол жеткізеді, – деп мәлімдеді. Әкімнің айтуынша биыл 14500 пәтер пайдалануға берілмек.

Б. Байбек: Биыл қалада кезекте тұрған әрбір үшінші алматылық баспаналы болады

«Мемлекеттік бағдарламалар шаһардың экономикасына өте зор әсерін тигізіп жатыр. Осылайша, қаладағы құрылыс жұмыстарының қарқыны 4 есеге артты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1800 үй салынды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ғана биыл 4,5 мың үй пайдалануға беріледі. Жалпы қолданысқа берілетін үйлердің 60 пайызы жаңадан салынып жатқан аудандарда бой көтереді», - дейді Б. Байбек.

Алматы әкімінің айтуына қарағанда, шаһарда жеке құрылысқа басымдық берілген.

«Жеке инвестиция негізінде 7 мың орындық 54 балабақша салу шешілді. Инвесторлардың арқасында бюджеттегі 14 млрд теңгені үнемдеп қалдық. Демек, жобасымен келген инвесторға біз: «Сен егер үй салғың келсе, үймен бірге балабақша мен мектепті де сал» деп қолқа саламыз. Бүгінгі таңда үй сатып алғысы келген адамдар сол маңдағы мектеп пен балабақшаның, жайлы ауланың жайын ойлайды. Сондықтан, біз әр адам көліксіз дүкенге барып, балабақшаға баласын апара алатындай жағдай жасау жағында жұмыс атқарамыз. Тағы да қайталап айтамын, 7 мың балабақшаны жеке бизнес ашады. Оның 3 мыңы мемлекетке бірден беріледі», - дейді әкім.