04 Қараша, 2011

Қазақстан футболының болашағы

417 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Бүгінде Қазақстанда футбол танымалдылығы жағынан жыл са­нап артып келе жатқан ойын түрі. Сондай-ақ күн өткен сайын жан­күйерлер саны да өсіп, кең қанат жаюда. Осы орайда отан­дық футболдың құрмет тақта­сы­нан өзін көргісі келетін оқушы­лар қатары көбейіп келетіндігін айта кету ләзім. Осындай арман жетегінде жүрген қазақстандық оқушыларға «Coca-Cola» компа­ния­сы бірнеше жыл қатарынан өз демеушілігін көрсетіп келеді. Астанада елімізде ашылған «Coca-Cola был­­ғары доп» жастар арасындағы футбол тур­нирінің 6-шы маусымына орай баспасөз конференцияы өтті. Баспасөз мәслихатына «Coca-Cola» компаниясының Орта Азия және Қазақстан бойынша Үкіметпен бұқарамен байланыс менеджері Арыстанбек Нұрма­ха­нов және ҚФФ балалар мен жасөспірімдер футболы департаменті төрағасының орынба­сары Игорь Утробин қатысты. Олар жиынға қатысушыларға «Coca-Cola былғары доптың» алдыңғы ойындардың жетістіктері мен жас футболшыларды алдағы ашылған маусымда қандай қызық күтіп тұрғандығынан егжей-тегжейлі хабардар етті. 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Coca-Cola былғары доп» турнирі елімізде футбол бойынша ең ірі жасөспірімдер жарысы болып табылады. Осы мерзім ішінде турнир үлкен құрылу жолынан өтіп үлгерді. Өткен ойын маусымында оған Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 5 мың мектептен 350 мың оқушы қатысты. Бұл турнирдің кең қанат жайып, оған қатысушылар санының артып келе жатқандығын айғақтайды. Өткізіліп жүрген турнирдің жоғары дә­ре­жеде ұйымдастырылу сапасы алғашқы жы­лы-ақ халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. «Coca-Cola былғары доп­тың» ерекше мақтанышы УЕФА футбол ассо­циацияларының еуропалық одағы берген наг­радасы – УЕФА президентінің өзі қол қойған «Балалар мен жасөспірімдер футболын дамы­ту бойынша әлемдегі ең құнды шара-2006» дипломы. Осындай ең жоғарғы деңгейге кө­те­рілген әу бастағы межеден түспес үшін ұйымдастырушылар әлі күнге дейін турнир сапасын төмендетпей ұстап келе жатыр. Ұйымдастырудың жоғары шеберлігінің ерекше дәлелі – турнирге қатысқан бұрынғы фут­бол­шылардың қазіргі жетістіктері болып та­былады. Бүгінде отандық футболды дамы­ту­дың Президенттік бағдарламасы аясында атақты OLE Brazil бразилиялық мектебінде 26 қазақстандық бозбала оқып жатыр. Оның 14-і қазақстандық алаңдарда осы турнир ойындары аясында жеткен жетістіктері арқы­лы беделді Бразилия мектебінде оқу құқы мәртебесін жеңіп алған «Coca-Cola былғары доп» турнирінің әр жылдардағы келешегі зор қатысушылары болып табылады. Турнирден «түлеп шыққандардың» жетістіктеріне отандық футболдың жаңа өсіп келе жатқан жұлдызы Сергей Хижниченконы ерекше атап өтуге болады. 2006 жылы мұрты енді ғана тебіндеген жап-жас Сережа «Coca-Cola былғары доптың» жоғары жас кат­е­гориясы бойынша үздік форварды атанған болатын. Ал бүгін Сергей – Қазақстанның ұлттық құрама­сының ең үздік ойын­­шы­ла­рының бірі, қарағандылық «Шахтер» шабу­ыл­шыларының көшбасшысы, Қазақстан Премьер лигасының екінші үздігі болып табылады. – «Хижниченконың футбол жетістікте­рі­нің шыңына шығу жолы «Coca-Cola былғары допқа» қатысудан басталды», дейді бұл жө­нін­де «Coca-Cola» компаниясының Орта Азия және Қазақстан бойынша Үкіметпен және бұқарамен байланыс менеджері Арыс­тан­бек Нұрмаханов. Оның жетістігі – турнир мақсатының, яғни біздің компанияның алға қойып отырған межесінің көрінісі болып табылады. Біздің отандастарымыздың, оның ішінде біз өткізген турнирге қатысқан жас футболшылардың Бразилиядағы футбол май­тал­мандарынан дәріс алуы, сондай-ақ ұлттық құраманың мақтанышы болуы турнирдің қажеттілігін, оны одан әрі дамытып әкетудің керектігіне сенім беріп, жігерлендіре түседі. Жастарды жан-жақты дамытуда атқарып жатқан жұмыстарымыздың дұрыстығына та­ғы бір мәрте көз жеткізеді». Ал жас спортшыларды турнир ұйымдас­ты­рушылары тарапынан биыл қандай жаңа­лықтар күтіп тұр? Осы сұраққа жауап берген мәслихатшылар балаларды көптеген қызық­ты өзгерістер күтіп тұрғанын мәлімдеді. Алдымен, 2011-2012 жылдар маусымы «Co­ca-Cola былғары доптың» дамуындағы жаңа айналым болмақ. Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығына орай, ел спортының халықаралық ареналардағы жетістіктері мен атақ-даңқының өсуін есепке ала отырып, турнирді «Күз-Көктем» еуропалық стандартына сәйкес өткізу жоспарланып отыр. Турнирдің алғашқы топ­тық бөлімінде топтық жарыстар өткізіліп, іріктеу турының жеңімпаздары келесі жылдың көк­темінде плей-офф кезеңінде бір-бірімен кездеседі. Ұйымдастырушылар мамыр айында барлық жас категориялары бойынша кіші (2000-2001 жылы туылғандар), орташа (1998-1999 жылы туылғандар) және жоғары (1996-1997 жылы туылғандар) топтар арасында фи­нал­дық кездесулерді өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан өзге 2010 жылғы ойын маусы­мындағыдай, турнир демеушісі «Coca-Cola» компаниясы биыл да финалдық кезеңге қа­ты­сушы барлық категориялардағы ойын­шылар­дың тамағы мен жатын орын шығындарын өздері көтермек. Осылайша, турнир ұйым­дастырушылары балалардың өздерін жайлы сезінуіне жағдай жасамақ. Қорытындысында айтарымыз, қол жеткізілетін жеңімпаз даңқы мен абырой-беделден өзге жоғарғы жас категориясында чемпион атанатын командаға қосымша сый әзірленуде. Ол 2012 жылы тамыз айында Еуропаның ең атақты футбол алаңдарының бірін өз көздерімен көріп қайту мүмкіндігі болмақ. Оған әлемдегі 30-дан астам елден командалар қатысатын «Сора Coca-Cola» балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық футбол турнирі себеп болып отыр. Өйткені биылғы жылдан бастап бүкілқазақстандық «Coca-Cola былғары доп» футбол турнирі оның бір бөлігіне айналды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.