03 Ақпан, 2010

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КЕҢ

1210 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП, Білім және ғылым ми­нистрлігі, “Даму” қоры, облыстар әкімдіктері арасында ынтымақ­тастық туралы қол қойылған ме­мо­рандум шарттарына орай тұр­ғын­дардың кәсіпкерлік білім деңгейін көтеруге барынша жағ­дай туғызылды. ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фрак­циясы төралқасының отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Отырыста “Нұр Отан” ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының ел Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін­діктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары мақұлданды. Сондай-ақ төралқа мүшелері ел Президентінің “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша 2010 жылдың 5-14 ақпаны аралығында республика өңірлерінде атқаратын жұмыстарын да талқылады. БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ ІСКЕ КІРІСТІ “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыс­тық филиалының партия­лық бақылау комиссиясы облыс­тың медицина мекемелеріндегі партия­лық бақылау бекеттерінің тұсау­кесеріне арналған мәжіліс өткізді. Комиссия төрағасы, об­лыс­тық мәслихаттың депутаты, Ақтөбе мемлекеттік педагогика­лық инс­титутының ректоры Ғалымжан Нұрышев елімізде бірың­ғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуіне байла­нысты медицина мекеме­лерін­де партиялық бақылау бекет­тері құрылып, жұмысқа кіріскенін, бұл бағытта денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен бірлесе әрекет ету қажеттігін жеткізді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне дайындық бары­сы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жәнібек Нар­мұха­медов хабарлама жасады. Оның айтуынша, облыстың медицина мекемелерінің жаңаша жұмыс істеуге әзірлігі тәуір көрі­не­ді. Ақтөбе қаласындағы меди­цина мекемелерінде он партия­лық бақылау бекеті құрылып жұмысқа кірісіп кетіпті. Отырысқа қатысушылар пар­тия­лық бақылау бекеттерінде болып, олардың жұмыс үдеріс­тері­мен танысты. Мұндай бекеттер аудандарда да жұмыс істеуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ КӨПКЕ ОРТАҚ “Нұр Отан” ХДП Қостанай қалалық филиалы ірі бастауыш партия ұйымдары жетекшілері және мәслихаттар депутаттары­ның–партия фракциясы мүше­лерінің қатысуымен семинар-тренинг өткізді. Партияның бастауыш ұйымдары жергілікті жерлерде тындырымды жұмыс­тар жүргізіп отыр. Әсіресе, қандай сайлау округтеріндегі де әлеумет­тік мәселелердің шеші­мін іздеген тұрғындар партия­ның бастауыш ұйымын жиі іздейді. Бұл басқосу­да партия­ның Қостанай қалалық филиа­лы төрағасының бірінші орын­басары Б.Бұхметов “Нұр Отан” ХДП аумақтық филиал­дары­ның, қазақстандықтардың жал­пы­халықтық қозғалысын ұйым­дастыруда бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен орны туралы баяндап берді. Облыс­тық және қалалық мәс­ли­хат­тар­дағы “Нұр Отан” ХДП фрак­ция­сының мүшелері сай­лау учас­келеріндегі өздері ұйым­дас­тырған қоғамдық-саяси жұмыс­тары, бастауыш ұйым­дардың жетекшілері жергі­лікті жерлер­дегі атқарған істері туралы бай тәжірибелерін ортаға салды. Облыстық мәслихаттағы “Нұр Отан” ХДП фракция­сы­ның жетекшісі, Қостанай педа­гогика колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының док­торы Римма Бектұрғанова №5 Студенттік сайлау округі мыса­лында депутаттар мен партия­ның бастауыш ұйым­дарының байланысы жөнінде, “Қостанай” газетінің редакторы, Қостанай қалалық мәсли­­хаты­ның депутаты Владимир Баранов депутаттың сайлау алдындағы бағдарламасы­ның орындалуы үшін жергілікті жерлерде халық қалаулысы мен партияның бастауыш ұйымы­ның бірлесіп жүргізетін жұмыс­тары туралы, ал Дружба орта мектебі­нің директоры, №19 сайлау округіндегі партияның бастауыш ұйымының жетекшісі Асыл Қалиев “Нұр Отан” ХДП бас­тауыш ұйымының қалыпта­суы үшін қаладағы шағын аудандар­дағы құрылымдық, қоғамдық күш­терді жұмылдыру жөнінде қызғылықты әңгімелеп берді. Олар­­дың бірлесе жүргіз­ген жұмыс­тары қаланың эконо­мика­лық-әлеуметтік дамуына ықпал етеді. “Нұр Отан” ХДП Қостанай қалалық филиалы семинар-тренинг қорытындысы негізінде партияның фракциясы мүше­лерінің–мәслихаттар депутат­тарының сайлау округтері шең­берінде құрылған бастауыш пар­тия ұйымдары жұмысын жетіл­діруі туралы әдістемелік құрал жасап таратты. Ол әдісте­мелік пар­тияның әрбір бастауыш ұйы­мын­дағы активтер жұмысын теориялық және практикалық жағынан жақсарта түсуге және ең бастысы, қала­ның әлеуметтік-экономикалық дамуына бас­тауыш партия ұйым­дары қосар үлестің қомақты болуына көмекші болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай. КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КЕҢ Елімізде шағын және орта биз­несті жетілдіруге, сапалы дамуына бағытталған мемлекеттік іс-шара­лар ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқаны мәлім. Соның ішінде оны қаржы­лай емес қолдауға үлкен мән беріліп отыр. Бұл ретте “Са­мұрық-Қазына” және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорлары бірігіп дайындаған “Бизнес-кеңес­ші” бағдарлама­сының игі ықпалы байқала түсуде. Оның басты мақ­сатын барлық аймақ­тар­дағы кәсіп­керлер мен осы ұмты­лысқа ынталы азаматтар­ға бизнес құрудың жол­дарын үй­рету, мұны тиімді жүргізу бойын­ша білім толықтыру, ақ­парат­тық кеңесті молықтыру болып табы­лады. Соған байла­ныс­­ты қыс­қа мерзімді оқыту­лар, білікті ма­ман­­дардың арнаулы дәрістері, тақы­рыптық кездесу-әңгімелер қа­зір қалың жұртшы­лық­ты тартып келеді. Оқу-әдіс­темелік құралдар тегін таратылды. Мәселен, был­тыр үш айға жалғас­қан “Кәсіп­керлік­тің жедел курсы” атты сабақтар рес­пуб­­­лика­мыздың 209 ауданы мен қаласында өткізілді. Аталған шараға 11 мыңнан астам адам қатысып, бизнес-жоспар үлгі­лерін жасау­мен, ­кә­­­­сіп­­керлікті реттеуші заңңамалар­мен, салық есептілігін дайындаумен танысты. Назар аудартатын бір жай, курс тың­даушыларының 60 пайызын әйелдер құрады. Мүм­кіндіктері шектеулі жандар да биз­нестік сауаттылық­тарын жақсарта алды. Мұның алдында “Нұр Отан” ХДП, Білім және ғылым ми­нистрлігі, “Даму” қоры, облыстар әкімдіктері арасында ынтымақ­тастық туралы қол қойылған ме­мо­рандум шарттарына орай тұр­ғын­дардың кәсіпкерлік білім деңгейін көтеруге барынша жағ­дай туғызылды. Өмір көрсетіп отыр­ған­­дай, мұндай оқытулардың көпші­лікке пайдасы үлкен. Ол азамат­тар­дың өз бизнесін ашуға қызығу­шылығын арттырады, кәсіпкер­ліктегі көкейкесті мәсе­ле­лердің оң шешімін табуға көмек­теседі. Қарағандыда өткен “Бизнес-кеңесші” бағдарламасы тәжірибе, қорытынды және болашақ дамуы” бірінші республикалық семинар-кеңесі осы бағытта ат­қарылған іс-шараларды талдап, алда тұрған міндеттерді талқы­лауға арналды. Жиын­да облыс әкімінің бірінші орын­басары Расул Оразғұлов, “Даму” кәсіп­кер­лікті дамыту қоры АҚ басқар­ма төрағасының орын­басары Ләззат Ибрагимова, “Ха­лық­аралық Бизнес Академиясы” ЖШС президенті Асылбек Қожах­­метов, ВІSАМ Сеnтrаl Аzіa биз­нес­тік ақпарат, әлеуметтік және мар­ке­тинг­тік зерттеу орталығының президенті Леонид Гуревич, жоғары оқу орын­дарының ректор­лары мен ғалым­дары шағын және орта биз­несті қолдау мәселелері бойынша жан-жақты серіктестікті жандан­дыру мен тереңдету, осынау салаға көмек көр­сетуді күшейтудің жаңа үлгі-әдістерін қолдану, ауылдық аймақтар тұр­ғын­­дарына консал­тингтік, талда­ма­лық, әдістемелік қызмет түр­лерін көрсетуді ұлғайту жайларын ортаға салды. “Бизнес-Кеңесші” бағдарла­ма­сының әрбір аймақта өткізілу тәжірибесі баян етілді. Сөз сөйлеу­шілердің бәрі кәсіп­керлікті қолдау орталық­тарын құру туралы ұсыныс­тардың орынды екенін атады. Олар баса айтқандай, кәсіп­­керлік қозға­лыс­тағы соны серпін мен бизнеске қоғамдық са­на­­дағы түсініктің түбегейлі өзге­ріп-жақсаруы мем­лекет тарапынан жасалып отыр­ған көмек-қол­даудың нәтижелі көрінісі. Семинар-кеңестің жұмысында жоғары оқу орындарының “Биз­нес-кеңесші” бағдарламасын іске асырудағы тәжірибелері талқы­ланады. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды. ҮКІМЕТ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ Ел Үкіметі Жамбыл облысы­ның орталығы – Та­раз қала­сы­ның 2025 жылға дейінгі бас жос­парының жобасын мақұл­дады. Ондағы басты жаңалық – облыс орталығының бұрынғы әкімшілік шекарасы өзгертілді. Бұл құжатты Жамбыл облысы­ның әкімі Қанат Бозымбаев Үкімет мүшелері алдында баян етті. Қаланы заман талабына сай көркейту енді оның оңтүстік-батыс бөлігін кеңейту есебінен жүзеге асырылады. Ол үшін ауыл шаруашылығына, шаруа қожа­лықтарына және мемлекеттік қорға тиесілі жерлер қала аума­ғына беріледі. Сөйтіп, облыс орта­лығына барлығы 5954 гектар жер жақын аудандар есебінен енгізі­леді. Шаруа қожалық­тарының жерін сатып алу үшін арнайы қаржы қарастырылған. Бас жоспардағы инфрақұры­лым­дарды дамыту Талас өзенінен өтетін екі автомобиль және темір жолдың үстімен өтетін үш аспалы көпір, сондай-ақ жаяу жүргін­шілердің үш жер асты жолын, төрт автокөлік жол айрықтарын салу арқылы жүзеге асырылмақ. “Аста­на”, “Бәйтерек” және “Барыс­хан” жаңа шағын аудан­дарындағы электр қуатымен жабдықтау мәсе­лесі қосымша екі электр станса­сын, газ желілерін, “Жылу электр орталығы” АҚ қазан­дығынан жылу жүйелерін тарту арқылы шешілетін болады. Қала шаруа­шы­лығын дамыту және жоғарыда тілге тиек етілген шараларды жүзеге асыру үшін 9,5 млрд. теңге қаржы бөлінбекші. Бас жоспарда, сондай-ақ, қосым­ша денсаулық сақтау және білім беру нысан­дарын салу да қарас­тырылған. Жоба бұған дейін облыс орта­лығындағы халық­тың және ондағы қоғамдық ұйымдар өкіл­дерінің басқосуларында қара­лып, талқы­ланған. Сондай-ақ, облыс әкім­дігі­н­ің “Тараз қаласы­ның бас жоспары туралы” қаулы­сы қабыл­данып, облыс мәсли­хаты сессия­сында келісіл­ген. Қала шекара­­сын әкімшілік өзгерту мәсе­лелерін шешуге қатыс­ты құжаттар мен материал­дар тізімі барлық орталық атқарушы орган­дармен келісіліп, мемлекеттік сарап­таудан өткен. Бас жоспар қаланың заман талаптарына сай гүлденіп, көр­кеюіне, ескірген инфрақұры­лым­дардың жаңарып, жақсаруы­на үлес қосып, өңір өміріне жаңа маз­мұн мен серпін береді деп сенеміз. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Тараз.