Қазақстан • 15 Қараша, 2017

Болат Өтемұратовтың Қоры табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетін болды

663 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл 15 қарашада Болат Өтемұратовтың Қоры мен «Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы» ҚБ арасында төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көмек көрсету үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Болат Өтемұратовтың Қоры табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетін болды

Көмек қаржы ForteBank көмек карталарына аударылып, кейін оны Қызыл Жарты ай қызметкерлері төтенше оқиғалар орын алған кезде зардап шеккендерге бөліп береді. Көмек сомасы 67 200 000 теңгені құрайды. 33 600 000 мөлшеріндегі алғашқы транш 2017 жылы, ал екінші транш 2018 жылы аударылады. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубы мәлімдеме таратып отыр.

Бір картаға аударылатын сома 20-30 мың теңге аралығында болады деп жоспарлануда. Бұл қаржыға табиғи апаттың алғашқы күндері ең қажетті заттардың барлығын сатып алуға болады. Аталмыш көмек мемлекет тарапынан қабылданатын шаралармен қатар зардап шеккендерге көрсетілетін бірінші материалдық демеу болады.

Аталмыш қайырымдылық қорының иесі Болат Өтемұратов: «Табиғи  апат салдарынан адамдар баспанасыз қалып, ас-судан айырылған кезде мен бұған бей-жай қарап тұра алмаймын. Қордың, ForteBank және Қызыл Жарты ай қоғамының бірлесе күш жұмылдыруы арқасында біз алғашқы гуманитарлық көмекті көрсететін боламыз. Осы көп тарапты бастамамызды бизнес өкілдері және қоғамдық ұйымдар қолдайды деп үміттенеміз» деді.

Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамының бас директоры Елена Ким: «Біздің ұйым апатты жағдайлар кезінде әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету ісінде көп жылдық тәжірибе жинақтаған. Біз халықаралық машықты қолдана отырып, өз тетіктерімізді ұдайы жетілдіріп отырамыз. Аталмыш серіктестік аясында дайындалған мұндай жүйенің арқасында біз тұрғындарға барынша жылдам әрі тиімді түрде көмек көрсете аламыз» деді.

«ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов табиғи апат салдарынан туындаған төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккендерге шапшаң әрі жедел түрде көмек көрсету аса маңызды екені атай отырып, қабылданатын шешімдер технологиялық жағынан жоғары, нақты, сенімді әрі айқын болуы тиіс. Бүгін қол қойылған меморандумның көздегені дәл осы мақсат деді.

«Өткен жылдардағы тәжірибеден түйгеніміз, қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек көрсетуде алдына жан салмайды, – дейді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ