15 Қараша, 2017

Жапон журналисі «Егемен» басшысы Дархан Қыдырәліден сұқбат алды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күншығыс елінің ең ірі ақпараттық агенттігі саналатын «Киодоның» Кэничи Иинума есімді тілшісі «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліден Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі жайлы сұхбат алып, газет өмірімен танысты. 

Жапон журналисі «Егемен» басшысы Дархан Қыдырәліден сұқбат алды

Жапон журналисіне рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу және Қазақстандағы баспасөздің жағдайы жайында кеңірек сұхбат берілді. Сонымен қатар «Киодо» тілшісі «Егемен Қазақстанның» ғимаратын аралап, газет жұмысымен жақын танысты.

«Киодо» – негізі 1945 жылы қаланған Жапонияның ең ірі ақпарат агенттігі. Сакура елінің көптеген газеттері мен телеарналары жаңалықтарды осы «Киододан» алады.

Агенттікте 1700 адам жұмыс істеп, ел ішінде – 52, шетелде 43 бюросы қызмет етеді. «Киодо» ақпаратты жапон, қытай, ағылшын тілдерінде таратады. Жапон тіліндегі нұсқасы күніне 28 000 мың жол жаңалық жариялайды. Бұл – газеттің 70-80 бетіне тең мәтін. 

Дархан Өмірбек,

«Егемен Қазақстан»