16 Қараша, 2017

«Отпан тау» олжалы оралды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазан қаласында өткен «CINEMA CAMP-2017» халықаралық кинофес­тиваліне Иран, Түркия, Ресей, Иор­дания, Қазақстан, Франция, Қыр­ғызстан, Грузия, Украина, Египет, Армения, Беларусь, Эстония елдері­нен 350 қатысушы өтініш білдірген. 

«Отпан тау» олжалы оралды

«Lion Productions» кинокомпания­сы мен халықаралық «Жас режис­сер» киномектебі бірлесіп ұйымдастырған байқау­ға біздің еліміздің атынан қатысқан Ақбөбек Төлжан – «Хабар» агент­тігінде режиссер болып еңбек ететін жас.

Ол «Ең үздік студенттік фильм» аталымы бойынша жеңімпаз атанған «Отпан тау» тарихи қысқа метражды деректі фильмінде Отпан тау тарихынан бастап, бүгінгі тарихи-мәдени кешеннің қызметін көрсетіп, жас ұрпақты тарихи-рухани мұраларды қастерлеуге шақырады. Тарихи деректі фильмдер түсіруді армандайтын Ақбөбек Нұрбаулықызы тырнақалды туындысының Татарстанда топ жар­ғанына қуанышты. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы