Қазақстан • 16 Қараша, 2017

Келесі жылдан бастап «Хабар» арнасында жарнама болмайды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «МедиаҚұрылтай-2017» кәсіби талқылау алаңында мемлекеттік арнада кезең-кезеңімен жарнама жойылатынын айтты.


Келесі жылдан бастап «Хабар» арнасында жарнама болмайды

Жиын барысында мемлекеттік арналардағы жарнаманың қажеттілігі туралы талқыланды. Дәурен Абаев бұл мәселенің өткен медиақұрылтайдан бері жалғасып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Өткен жылы маған осындай сауал қойылған. Мемлекеттік арналарда неге жарнама беріледі деген. Бұл айтылған мәселені талдаудан өткізе келе мынаны мәлімдегім келеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан «Хабар» арнасы жарнамадан бас тартады. Жылдың соңына дейін қалай болатынын бақылаймыз. Келер жылдың соңында нәтижені талдаудан өткізіп, одан әрі шешім қабылдайтын боламыз», - деді министр.