Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылында белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық айтыстың жүлдегерлері белгілі болды. Бас жүлдені Ринат Зайытов иеленсе (1 миллион теңге), 1-орын Рүстем Қайыртайұлына , 2-орын Аспанбек Шұғатаевқа, 3-орын Серік Қуанғанға бұйырды.
Азамат ҚАСЫМ,
"Егемен Қазақстан"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
Суретті түсірген автор