Медицина • 17 Қараша, 2017

Нұрғали Ораз. Ауылға деген көзқарас

930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түс ауа досына телефон соғып еді.

Нұрғали Ораз. Ауылға деген көзқарас

– Ой, аяқ астынан ауылға баратын боп, жолға жиналып жатырмын, – деді ол аптығып.

– Иә... Не боп қалды?

– Қап! «Сен сұрама, мен айтпай-ақ қояйын» деп тұрғам. Амал қанша. Айтам ғой енді, айтам. Мына баланы кеше кешкілік балабақшадан алып келе жатқам. Кенет біздің жақтағы ығы-жығы көшелердің бірінен «мә-ә-ә» деп, қой маңырап қоя берді. Сірә, бір үй ауызашарға соямыз деп әкелсе керек. Біздің   бала: «Папа, ол не? Тауық па?..», деп қара-а-ап тұр. О, күшік!.. Әлі күнге дейін қой, қозыны көрмеген ғой. Өзімнен де бар... Соған енді, төрт түлікті көрсетейін деп, ауылға апарғалы жатырмын.

«Бәрекелді-і!», деді  бұл алғашқыда.

 Ал содан соң: «Ауыл – зоопарк емес қой», деген бір қырсық ой келді басына.
 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20