Медицина • 17 Қараша, 2017

Астанада шала туған балалар күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Шала туған балалардың халықаралық күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.   

Астанада шала туған балалар күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін, 2017 жылғы 17 қарашада «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Шала туған балалардың халықаралық күніне арналған шара ұйымдастырылды. Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген шала туылған балалар медициналық тексерістен өткізіліп, мерекелік концертте пациенттердің ата-аналары мен неонатолог дәрігерлер өнер көрсетті, аниматорлар балалардың көңілдерін көтеріп, естелік сыйлықтар табыс етті. 

«UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығының педиатрия бөлімінің және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының 14 түрлі сала бойынша 30-дан астам мамандары: неонатолог, педиатр, хирург, ортопед, уролог, кардиолог, пульмонолог, нефролог, эндокринолог, гастроэнтеролог, невропатолог, оториноларинголог, окулист және дерматолог дәрігерлері келген балаларды тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Зерттеу нәтижелері бойынша балалардың біразы жан-жақты тереңдетілген диагностикалық-инструменталдық зерттеуден өтуге жіберілді. жатып ем алуға мұқтаж балаларға жоспарлы түрде емдеуден өтуге кеңес берілді. Сондай-ақ, тексеруден өткізілген пациенттердің ішінен ауыр және күрделі дерттер анықталғандары «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 2018 жылдың басында стационарлық ем алатын болды. Ем ақысыз негізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. Ал денсаулықтары кеңінен зерттеуді қажет ететін балалар «UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығына амбулаториялық-диагностикалық тексеруге бағытталды.