Басқосуда мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттiк наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.
Комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою туралы ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заң жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсынымдарды қарайтын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Жиын қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері марапаттау үшін Мемлекет басшысына ұсынылатын кандидаттарды анықтады.
Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі қалыптасқан дәстүрге сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.