Қазақстан • 20 Қараша, 2017

Әнші Индира өзі оқыған мектепке 10 компьютер тарту етті

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

MUZZONE телеарнасының EMA-2016 V Еуразиялық музыкалық жүлдесінің үздік орындаушысы Индира Елемес өзі білім алған Арыс қаласындағы №8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінде болып, білім бірген ұстаздарымен және оқушылармен кездесті.

Әнші Индира өзі оқыған мектепке 10 компьютер тарту етті

Кездесуде И.Елемес мүмкіндігі шектеулі 2 оқушыға ноутбук сыйлап, аталған мектепке 10 компьютер тарту етті. Сондай-ақ, мектепте әнші атынан сынып ашылды.

Өнер иесі бұл игілікті ісін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен байланыстырып, «туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» ретінде бағалап отыр.

Әнші бұл ісін «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан бір үлесі екенін айтады. Бүгінде бағдарлама шеңберінде оңтүстікте ауқымды шаралар қолға алынған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
Оңтүстік Қазақстан облысы.