Кездесуде И.Елемес мүмкіндігі шектеулі 2 оқушыға ноутбук сыйлап, аталған мектепке 10 компьютер тарту етті. Сондай-ақ, мектепте әнші атынан сынып ашылды.
Өнер иесі бұл игілікті ісін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен байланыстырып, «туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» ретінде бағалап отыр.
Әнші бұл ісін «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан бір үлесі екенін айтады. Бүгінде бағдарлама шеңберінде оңтүстікте ауқымды шаралар қолға алынған.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
Оңтүстік Қазақстан облысы.