Мұхтар Құл-Мұхаммед: Айтпаса сөздің атасы өледі

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мен Елбасының жанында қызмет етіп келемін. Егемендігіміздің еңсесін тіктеген тарихи оқиғалардың куәсі болып, бел ортасында жүрдім. 

Егемен Қазақстан
21.11.2017 10972

Президентіміздің әлемдегі небір азуын айға білеген алпауыт елдердің мемлекет басшыларымен өткен кездесулеріне қатысып, көрген-білгендерімді талай мәрте жаздым, түрлі деректі фильмдерде көрсеттім. Алла бұйыртса, көкейде қалған көрікті ойларды кеңінен көсіліп жазатын уақыт та келер.

Қазақта «Айтпаса сөздің атасы өледі» деген мәтел бар. Ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған, тамырлас, туыстас қазақ пен қырғыздың арасына барған сайын жік түсіріп бара жатқан шетін мәселеге қатысты үн қосуды азаматтық парызым деп санаймын.

Қазақ не айтса да тауып айтқан ғой. Халқымызда, кім, қашан айтқаны белгісіз «Сөз – Құдайдың бір аты» деген қанатты сөз бар. «Кім», «қашан» деп ежіктеп отырғаным, дәл осы сөз Ұлы Жаратушыдан түскен қасиетті төрт кітаптің бірі «Інжілде» де кездеседі. Оның Иоаннан жеткен бір тармағында: «Әуелі сөз болған. Ол құдаймен келген. Сөз – Құдайдың өзі» делінген. «Інжілдің» үш сөйлемін қазақ даналығы бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.

Сөз – өте қуатты қару. Әйтпесе, аталарымыз: «Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп айтар ма еді?

Қазір әлеуметтік желі атаулыны ашып қалсаң да, компьютердің тетігін басып қалсаң да Атамбаевтың қазақ пен қырғыз арасына от тастаған сөздері желдей есіп тұр. Білдей бір үлкен мемлекетті басқарып отырған президенттің аузынан қайта-қайта шығып жатқан былапыт сөздер, екі ел арасына іріткі салып, алатайдай бүлдіруде. Бойында ұлттық намысы бар азаматтың оған шыдауы мүмкін емес. Айдың күні аманында Атамбаевты не түлен түртті?

Біз оның басқаша сайраған кезін де өз кө­зімізбен көріп, құлағымызбен тың­да­ған­быз. Енді сіз де оған назар салыңыз.

Атамбаев 2014 жылдың қараша­сында Қазақстанға келген ресми сапарын: «Я признался в узком кругу, что я всегда жалел о том, что не у нас первый президент был Назарбаев. Вы все-таки цените, берегите своего Президента», – деген мақтаумен бас­тап, «Я мало кого хвалю, Вы на самом деле, Нурсултан Абишевич, великий человек с щедрой душой, и, наверное, Бог поэтому Вас любит, и, наверное поэтому Бог так много дает Вам и Казахстану. И не зря за эти годы такой рывок сделан в Казахстане», – деген сөздермен аяқтады (дәйекше түпнұсқа тілінде бір сөзі өзгерместен берілді). Жай ғана «деген» жоқ, екі қолын кезек-кезек сермеп, есіле, егіле сөйлеген.

Осындай «жүрекжарды» лебіз білдірген қырғыз Президентінің данышпан Абай айтқандай: «Дөң айналмай ант атып, ар жағы бүксіп, бықситынын» ол кезде, біз, әрине, білген жоқпыз.

Атамбаевтың сауаты шамалы адам екенін Қазақстанға келген сапарында: «Революцияға дейінгі қазақтар туралы деректер үнемі қырғыздар жайлы зерттеулерде берілген», – деген сөзінен-ақ байқағанбыз.

Мен кандидаттық диссертациямды «Орыс энциклопедияларындағы қазақ тарихынан» қорғадым. Революцияға дейін қазақтар «киргизы» немесе «киргиз-кайсаки» деген атаумен, ал қырғыздар «кара киргизы», «буруты», «дикокаменные киргизы» деп берілген (Энциклопедический словарь «Брокгауз – Ефрон», 1895 жыл, 15 том, 101-бет). Тіпті, Қазақ автономиялық республикасы 1920-25 жылдары Қырғыз АССР-і деп аталып, 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген әкімшілік-территориялық бөліністен кейін ғана дүниеге келген РСФСР құрамында қырғыздар автономиясы ресми түрде «Қара-қырғыз автономиялық облысы» деп аталған. Ал Атамбаев «киргизы» деген зерттеулерді оқымай-ақ сыртынан бәрін түгел қырғызға тиесілі деп келген.

Биыл жазда теледидарды қосып қалсам Атамбаев: «Для нас, киргизов, Россия – это наша историчес­кая прародина», – деп соғып тұр. Жағамды ұстадым. Біз білетін «Манаста» қырғыздар Алтайдан Алатауға қоныс аударғанда түбі бір түркі жұртының алтын бесігі – Алтайда сары орыстың өзі түгіл, ізі де болмаған.

Ал 2015 жылы Түркияға барған сапарында ол: «...каждый кыргыз знает, что для кыргызов Турция – путе­водная звезда, Родина-мать, указы­вающая нам дорогу», – деп соққан еді.

Ұлтын сүйетін азаматта бір ғана ана, бір ғана Отан болады. Осы екі қасиетті ұғымды біз бір қауызға сыйдырып, «Отан-Ана» дейміз. Ол – әркім үшін өзінің, ата-бабасының кіндік қаны тамған жері. Саясат үшін талай нәрсені айтуға болар-ау, бірақ ел аман, жұрт тынышта «Отан-Ананы» айырбастау мүлде ақылға сыймайтын нәрсе.

«Бақсам – бақа екен» дегендей Атамбаевты кешіруге әбден болады екен?! Себебі, ол өзінің қайдан шыққанын тіптен білмейтін болып шықты?! Дәл осы жерде жұрт маған «тым артық кетті-ау» дейтін де болар. Ендеше айтар уәжімнің дәлелі мен дәйегін Атамбаевтың өз аузынан тыңдап көріңіз. Ол өзінің 2011 жылдың 21 мамырында берген сұхбатында: «Я плохо знаю свою родословную. Знаю, что в моем роду были революционеры, но откуда мы родом неизвестно», деген екен.

Кезінде Атамбаевтың: «Қазақты Шыңғыс хан тұқымы билеп келген» деген бесінші сыныптың баласына дейін мәлім аксиоманы кінәрат ретінде алға тартқанда, апырай, мына кісі Шыңғыстың бір тұқымы Құбылай – Қытайды, Жошы ұрпағы – орыс, қазақты, Шағатай әулеті – қырғыз, өзбек, түркіменді, Құлағу жұрағаты кавказ, араб, парсы жұртын билегенін білмегені ме? Қазақ XV ғасырдан дербес хандық ретінде бөлініп шыққанда, қырғыздар орыс отарлығына дейін Қоқан хандығына қарап келгенінен еш хабарсыздығына таң-тамаша қалып едік. Сөйтсек, ол өз ұлтының тарихын қойып, ата-бабасының қайдан тарайтынын мүлде білмейтін болып шықты.

Кейінгі кезде Атамбаевтың аузынан мемлекет басшысы түгіл, есі дұрыс адам айта қоймайтын сөздер шыға бастады. Президент орынтағында емес, құдды бір түрмеде немесе ауруханада отырған адамға тән «шестерка», «козел», «мангурт», «идиоты», «вонючие», «уроды», «дерьмо», «бараны» деген сөздерді оңды-солды судай сапыратын болды. Бұл – тек жазуды көтеретіндері ғана. Көтермейтіні қаншама.

Мен әр сөзіме әрдайым абайлап қарайлайтын адаммын. Жоға­ры­да «аурухана» сөзін де эмоцияға беріл­гендіктен келтіріп отырған жоқпын. Кезінде Викиликс Қырғызстанда АҚШ-тың елшісі болған Стивен Янгтың: «Атамбаев страдает серьезными психическими расстройствами, от которых он периодически лечился в одном турецком военном госпитале. Заболевание характеризуется резкими сменами настроения, периодами неадекватного поведения, вспышками необоснованного гнева и параноидальным синдромом, выражающимся в бреде пациента, что его хотят убить. Так, 22 мая 2007 г. он заявил о «покушении» на свою персону: «Меня отравили в моем рабочем кабинете. Дали стакан воды, я выпил, после чего два дня находился без сознания». Злоупотребления алкоголем только усугубляют состояние психики пациента» деген пікірін жариялады.

Міне, тәжірибелі дипломаттың дәл осындай бағасынан кейін Атамбаевтың сөзінің де, өзінің де парқы түп-түгелімен орын-орнына келе қалады.

Басында Атамбаевтың бұл әрекетін мен қулық шығар деп ойлаушы едім. Данышпан Абай мұндайлардың да диагнозын: «Қулық емес, бұл – бір – дерт, Тұрлауы жоқ құбылып» деп баяғыда-ақ беріп кеткен екен. Бұған не алып-қосуға болады?

Атамбаев қырғыз тарихында несімен қалады? Тым арыға бармай-ақ, кез келген елдің даму деңгейін анық көрсететін екі-ақ дерек келтірейік. Ол билікке келгеннен кейінгі 2012 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 6,6 миллиард доллар болса, өткен жылы ол 6,5 миллиардқа кетті. Иә, біз айтуға да, жазуға да дағдыланғандай өскен жоқ, қайта кері кетті. Осыған қарап, бұл елде өсім мүлде жоқ екен деп ойламаңыз?! Бар. Елдің мемлекеттік қарызы 2012 жылы 156 миллиард сом болса, 2016 жылы ол 284 миллиард сомға, яғни екі есеге жуық өсті.

Міне, екі елді шуылдатып жатқан Атамбаевтың қырғыз халқы алдында сіңірген еңбегі мен қалдырған мұрасының сиқы тура осындай.

Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің ғажайып туындысы саналатын Артемида храмын Герострат дейтін ақымақ өртеп жіберіп, тергеу кезінде оны «атын шығару» үшін жасағанын мойындапты.

Содан бері тарихта «Герострат даңқы» деген ұғым ақымақтықтың белгісі ретінде ғана қабылданады. Қазақтан сөз қалған ба, біздің халық мұндайды «атың шықпаса жер өрте» деген. Не экономикада, не саясатта атын шығара алмаған Атамбаев осы арандатушылығымен ғана ел есінде қалады.

Қазақ-қырғыз бір-біріне өте жақын, туыс, бауыр халық. Кезінде қазақ поэзиясының ақбура ақсақалы Әбділдә Тәжібаев: «Басымда менің ақ қалпақ, оюлап шетін сырғызған. Бетім де менің жап-жалпақ, айырмам қайсы қырғыздан», – деген екен. Ендеше қазақ-қырғыз арасындағы әлеуметті алаңдатқан ыңғайсыздау жағдай Атамбаевпен біржолата кетіп, алдағы уақытта ағайынды қос халықтың ынтымағы жарасқан, береке-бірлікшіл тірлігіне куә болайық, ағайын.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

20.08.2018

Спортшы Сергей Левадний қайырымдылық шарасын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(5)

Серік (22.11.2017 14:45:09)

Стефен Янг Қырғызстанда елші болғвн (2003-2005) жылдары Атамбаев үкіметте жұмыс істеген жоқ. Сондықтан автордың compromat.ru сайтынан алып отырған Атамбаев туралы Стивен Янг айтты-мыш дегені күмəнді

гоголь (21.11.2017 17:18:17)

Согласна со Стивеном Янгом, на поведение адекватного думающего о народе человека не похоже. Он сказал, а народу расхлебывай

назик (21.11.2017 15:59:42)

ия агай, оте окиништи, бундай адам уяттан баска еш сезим калдырмайды. Биреуге былай, бируге мунай деген осы.

Гульзина (21.11.2017 15:34:05)

Қашанда ауызбіршілікті жоюды мақсат етіп, бірлікке іріткі салатын адамдар қоғамнан табылып жатады. Асыра ұраншылдықпен олардың сөзін қостайтындар да аз емес. Қазақ бейбіт халық, біздің Көшбасшымыз бір шаңырақтың астында жүздеген ұлттың өкілін ұйыстырып, бір ортақ мүддемен, бір мемлекетте тату- тәтті өмір сүруіне жағдай жасап отыр. Дабыра сөзге бола дегбіріміз қашпасыншы.

назик (21.11.2017 13:48:22)

ия агай, оте окиништи, бундай адам уяттан баска еш сезим калдырмайды. Биреуге былай, бируге мунай деген осы.

Пікір қосу