Қазақстан • 24 Қараша, 2017

«Қазыналы елдің» ырысы ортаймайды

472 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде қариялардың айтар ақжарылқап сөзі аз ба? Жастарға үлгі ұсынып, ізгілік пен игілікке жөн сілтеуде қариялар алдында тұрған маңызды міндеттер – ардың ісі, абыройдың қарекеті. Жастар бойындағы жаман қасиеттерді дер кезінде байқап, саналы сөзімен, салиқалы тәжірибесімен жөн көрсетуде ақсақалдық қасиет аттан түспеуі керек. Абыз Абайда: «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін» деген сөз бар. Ел алдындағы ұлы міндетті Абайша түсініп, ақыл-ой таразысын тең ұстауда қарияларымыз қатарын сиретпесе екен деп тілейміз.

«Қазыналы елдің» ырысы ортаймайды

Иә, бұл Елбасы Н.Назарбаев­тың «Ұлы дала ұлағаттары» ат­ты еңбегінің алтыншы бөлімі­нен алынған үзінді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі ақ­са­қалдар мен зиялы қауым өкіл­дерінің басын қосып өткіз­ген дөңгелек үстел барысында да жастарға жөн көрсетуде ақ­са­қалдық қасиеттің аттан түс­пегенін қалайтынын жет­кіз­ді. Сон­дай-ақ аға буынға Елба­сы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақ­са­тын­да 66 жоба бойынша 121 іс-шараны жүзеге асыру қолға алын­ғанын айтып, атқарылған жұ­мыстар жөнінде ақпарат берді.

«Сіздерді Елбасымыздың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­ласын бірлесе жүзеге асы­руға шақырамын. Алдағы кез­де біз де талапты күшейте тү­семіз. Облыстағы 720 мыңнан ас­там жылжымайтын мүліктің кел­бетін көріктендіреміз. Әл­бетте, бұл ретте сіздердің кө­мек­теріңізге сүйенетін боламыз. Жастарымыздың тәлім-тәр­­биесіне, біліміне аса көңіл бө­­луіміз қажет. Осы тұрғыда сіз­дер­дің қосар үлестеріңіз орасан зор. «Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, сіздер біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың сар­қыл­мас бұлағысыздар», деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыста Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында 844 елді мекенде 3185 іс-шара өткізілген. Мақалада ерекше аталған жобаларды жүзеге асыруға 2022 жылға дейін 16,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнде кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жалпы 30 млрд 350 млн теңгені құрайтын 529 өңірлік жоба қолға алынып отыр.

Бұдан бөлек, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «Ажарлы үй – ырысты» жобасы аясында 120-дан астам белсенді, ерікті жастар елді мекендерді абаттандыру мақсатында көмекке зәру 543 отбасының аулаларын тазалап, қоршауларын, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосқан. «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік» тақырыбында өткен кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов баяндама жасап, елді бірлік пен ынтымаққа шақыруда арда­герлердің еңбегі орасан еке­нін атап өтті. Сондай-ақ ар­да­герлерді бағдарламалық ма­қа­ла­ның ел арасында өз деңгейінде на­с­ихатталуына күш салуға ша­қыр­ды.

 

Ғалымжан Елшібай,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар