08 Қараша, 2011

Коммунистердің Омбыға сапары

1 мин
оқу үшін
Жуырда ҚКХП орталық ко­митетінің хатшысы В. Косарев бас­таған делегация Омбы облы­сында жұмыс сапарымен болды. Қазақстан коммунистерінің жы­лы жүзді кездесуі биыл жел­тоқсанда өтетін Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттар сайлау секілді саяси маңызы зор науқан қарсаңында өтті. Омбылықтар қазақстандық қонақтарды об­лыстық сайлау учаскесінің жоспар құрылымымен, жаңа құрал-жабдықтар орнатылған партия­лық баспахананың соны жетістіктерімен таныстырды. Дауыс беру үрдісін қадағалау және сайлау қорытындыларын шығаруға орай саяси партиялардың ай­мақтық бөлімшелері қызмет­терін үйлес­тіру жөнінде ЛДПР-мен жасас­қан келісімдер туралы айтып берді. Өмір ЕСҚАЛИ.
Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:07

Қос шөнжік өмірге келді

Жануарлар • Бүгін, 09:05

Роналдудан қайран болмады...

Футбол • Бүгін, 09:03