Қазақстан • 27 Қараша, 2017

Жас әншілеріміз «Балалар Еуровидениесінде» бірінші рет өнер көрсетеді

991 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Грузия астанасында ХІ «Балалар Еуровидениесі» ән байқауының финалы өтеді. Биыл талантты жеткіншектеріміздің «31 арнаның» араласуымен «Еуровидение» байқауына жолы ашылды. Ал елдегі аталмыш телеарна Тбилисидегі Олимпиада сарайынан тікелей хабар таратып, қазақстандықтарға кішкентай да­рындарымыздың өнерін тамашалауға мүмкіндік сый­лайды. Біздің әншілер басты үш алаңқайдың бірі EuroClub-та бақтарын сынайды.

Жас әншілеріміз «Балалар Еуровидениесінде» бірінші рет өнер көрсетеді

Дарындарымыздың мұндай ауқымы үлкен музыка­лық оқиғаға ортақтасуы еліміздің Еуропалық хабар та­ра­­ту одағына (European Broadcasting Union, EBU) қо­сылу жоспарын жақындата түспек.

«Халықтың ішінен әлемді мойындатуға лайықты та­ланттар табыла бермек. Мұны Қазақстан әртүрлі ха­лық­­аралық деңгейдегі сайыстар кезінде бірнеше рет дә­­лелдеп үлгерді, дейді «31 арнаның» бас дирек­то­ры Бағдат Қожахметов. – Бүлдіршіндеріміздің «Ба­ла­лар Еуровидениесі» байқауында өнер көрсетуі – ұзақ мер­­зімдік ынтымақтастыққа алып барар алғашқы қа­дам­ның бірі».

Сонымен «Еуровидениеде» өнер көрсететін жас та­ланттың бірі Мұхаммед-Әли Жүгінісов 14 жасқа енді тол­­ғанына қарамастан, халықаралық сайыстардың лау­ре­аты атанған. Грекияда өткен халықаралық «Paradise Holiday» фестивалінің Гран-при жүлдегері. 11жасында ха­лық­аралық «Детская новая волна-2014» байқауында 3-орын иеленген, ал 2016 жылы Мәскеуде өткен Игорь Кру­тойдың «Битва талантов» байқауының бас жүлдесін же­ңіп алған.

«Детская новая волна-2015» байқауында «Гауһар қол» сыйлығын иеленген Данэлия Төлешова да одан қа­лыс­­пайтынын жуырда ғана жаздық. Данэлия – «Голос. Діт­и» музыкалық байқауында ерекше көзге түс­кен ән­шінің бірі. Төлешова Дэми Ловатоның Stone Cold әні­мен санаулы секундтарда қазыларды өзіне қаратқаны бел­гілі. Youtube-тегі бұл бейнежазба миллионнан астам көр­сетілім жинады.

Сахнаға үш жасынан бастап шыққан Алуа Серік­ха­нова да талай республикалық байқаудың жүлдегері. Би­ыл көктемде Беларусь елінде өткен «Золотые ключи» бай­қауында бірінші орын алды.

Ал Мария Затварницкая мен Мерхат Жылқыбаев Әлия Назарбаева ұйымдастырған «Бала дауысы» Бірін­ші ұлттық балалар ән байқауының жартылай финалына дей­ін жеткенін білеміз. 12 жастағы Маша Затварницкая да­рынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта вокал және фортепианодан дәріс алады. 13 жастағы Мерхат Жылқыбаев домбыраның құлағында ойнайды және мектептің көңілді тапқыштар клубының мүшесі.

 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ