Қазақстан • 29 Қараша, 2017

Тұрақтылық пен татулық: келешек кепілі

849 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы өзге ұлт өкілдері қоғамдық тұрақтылықты сақ­тауда, мемлекетіміздің саясатын, ел дамуына қатысты түр­­лі бағдарламалар мен тапсырмаларды орын­дауда ұй­­­ымшылдық, ауызбіршілік танытып келеді. Олар­дың «Ру­­хани жаңғыруға» қатысты өткен жиынға бір кі­сі­дей қа­­тысуы маңызды мәселелерге атүсті қарай ал­май­тын­дық­тарын білдірді.

Тұрақтылық пен татулық: келешек кепілі

Ақтау қаласындағы Дос­тық үйінде Маңғыстау облы­сы Қазақстан халқы Ассамб­­леясының XХI сессиясы өт­ті. «Рухани жаңғыру – ұлт жаң­ғыруы» деп атала­тын ал­қалы жиынға Ассамблеяға мү­ше өңір­дегі 20-дан астам этно­мә­дени бірлестіктің өкілдері тү­­гел қатысты. Күн тәртібінде Ел­ба­сының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­­дарламалық мақаласында ай­­тылған міндеттердің Маң­ғыс­тау облысында жүзеге асы­­рылуы және Қазақстан хал­­қы Ассамблеясының XXV сес­сиясында айтылған тап­сыр­малардың орындалу бары­сы талқыланды.

Мемлекет басшысы «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» атты бағдарламалық ма­қаласында жаңа тарихи ке­з­еңге тән қатерлер мен тәу­екел­дерге жан-жақты ба­ға бере отырып, рухани жаң­ғы­ру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын біл­ді­ріп, сол арқылы туындаған мін­деттерді халық назарына ұсынып, маңызды мәселелерді орындауды тапсырды. Елдің тағдыры мен ер­теңі – мемле­кет құраушы ұлт ретінде қазақтың қолында бол­са, жарқын болашақтың ке­пілі болып табылатын тұ­рақ­тылық пен татулық, өза­ра түсіністік, құрмет пен сый­лас­тық Қазақстанды мекен ете­тін барлық ұлт өкілдеріне қа­тысты. Сондықтан Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан На­зар­ба­ев осыдан 22 жыл бұ­рын қа­зақстандықтарды бі­рік­ті­рудің бірегей мүмкіндігі ре­тін­де Қазақстан халқы Ассам­б­леясын құрған болатын.

– Бүгінде ұйым халықтық өкілдіктің ерекше тетігі ретін­де мемлекеттің қоғамдық ба­қылау жүйесінде ерекше рөл­ге ие. Дәл осы міндетті ат­қа­рып жүрген Қазақстан хал­қы Ассамблеясының рөлі жаң­ғыру жолында айрықша. Ассам­блея елімізде тұратын бар­лық этностардың бірегей де төл мәдениетін сақтап, қо­ғамдық келісімді нығайту мен халық бірлігін жетілдіру жо­лында көптеген жұмыс атқаруда, деді жиында­ Маңғыстау облысының әкі­мі Ералы Тоғжанов. Ай­мақ басшысы облыстың әлеу­мет­тік-экономикалық дамуын са­раптай келе Ассамблея та­ра­­пынан атқарылған ша­ра­ларға тоқталды. Корей­лер­­­дің Қазақстанда қоны­с­­тан­ғанына 80 жыл толу­ына орай мерейтой, Түп­қа­раған ауданында Тарас Шев­ченко мұражайының 85 жыл­дығы, Корей этномәдени бір­лестігінің 25 жылдығы кең кө­лемде атап өтілген. «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясын­да Отпан тауға үш бидің ес­керткіші қойылды.

Өңір басшысы Ассам­блея­ның ғылы­ми-сарап­шы тобына Маңғыс­тау­дың әлі де бей­мәлім жерлерін зерт­теп, та­рихи-мәдени құнды­лық­та­рын жаңғыртуға тапсырма­лар берді. Ол үшін әлеу­мет­тік зерт­­теулер, әлеу­мет­тік сауал­на­малар және ғы­лыми-мето­ди­­калық шаралар жүргізу ке­рек­тігін айтты. Бірқатар бас­қарма басшыларына мем­ле­кеттік этносаясатты тиімді жү­зе­ге асыруды тапсырды. Әсі­ресе БАҚ өкілдері ар­қы­лы көпұлтты, табысты отба­сы­­ларды көрсетіп, отбасы құн­­­дылығын насихаттау үшін ке­­шенді жоспар дайындау қа­жет­тігін атап өтті.

Сессия соңында ұлттық мә­­дени орталықтардың же­те­к­­­шілері мен облыстық Ассам­бл­еяның белсенді мү­ше­л­ерін марапатталды.                

­

 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы