Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Қырғызстан президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) саммиті аясында Минскіде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізді. 

Егемен Қазақстан
30.11.2017 3693
2 Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Қырғызстан тарапынан жасалған өтініш бойынша өткен кездесу барысында президенттер екіжақты қарым-қатынасты дамыту мүмкіндіктерін талқылап, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғызстанның президенті болып сайлануымен құттықтады. "Біз бауырлас халық ретінде, көрші мемлекеттер ретінде республикаларымыз арасындағы тығыз қарым-қатынасты дамыта береміз деп ойлаймын", дей келе Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекет шекарасындағы жағдайдың себебін көпшілік білетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы екі елдің Үкіметтері бір-екі күнде жол картасын қарастыратынын, ол үшін Қырғыз Үкіметінің делегациясы Қазақстанға келетіндігін айтты. "Біз Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері жасаған жол картасын қарастырдық. Екі мемлекеттің жұмыс топтары оны жан-жақты талқылап, жол картасына қол қояды", деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан да, Қырғызстан тарапынан да шекараға бақылау қою туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ жүктерді тексеріп, шекарадан өткізетін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээенбековпен кездесу барысында екі елдің арасындағы туыстық-бауырластық қатынастың барлығын қайта орнына келтіруге келіскенін атап өтті. "Бұл - екі халықтың мүддесі. Мен Сооронбай Шәріпұлын Қазақстанға ресми сапармен шақырамын. Сол кезде барлық шаруаны артқа тастап, қазақ пен қырғыз арасындағы жағдайды түзететін боламыз", деді Елбасы.  

Кездесу барысында президенттер баспасөз өкілдеріне брифинг өткізді. «Барлық проблемалар бойынша сөйлесіп, шешімге келдік. Екі  елдің Үкіметтері жол картасын жасайды. Содан кейін көп мәселе шешіледі. Шешілмейтін проблема болмайды. Көп мәселе бар, оларды екі тарап бірігіп шешеміз деп ойлаймын. Желтоқсан айында жол картасы бойынша жұмыстар аяқталуы керек», - деді Сооронбай Жээнбэков. Сонымен қатар Қырғызстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірдіп, Елбасына зор денсаулық, Қазақстан халқына амандық тіледі. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барды. Жұмыс сапары аясында ол Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкомен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Сонымен қатар Елбасының Беларусь мемлекетіне ресми сапары аясында Минск қаласында Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтіп, арнайы көрме ұйымдастырылды. Ал бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысады деп күтілуде. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

Минск (Беларусь)

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Буэнос-Айрес: Еліміздің Әнұраны екі мәрте шырқалды

18.10.2018

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды

18.10.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

18.10.2018

ҚИК жаңа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады

18.10.2018

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

18.10.2018

«Өзен» өткел бермей тұр

18.10.2018

Балуандар Багам аралдарында белдесуде

18.10.2018

Сенат депутаттары Қыздар университетінің ұжымымен кездесті

18.10.2018

Жолдау 2018: мамандар қолдауы

18.10.2018

Әлеуметтік мәселелерді жылдам шешуді көздеген өңір

18.10.2018

Журналист Күлән Берікболова дүниеден өтті

18.10.2018

Екібастұзға ерекше сыйлық

18.10.2018

Шалғайдағы халық алысқа шабылмайтын болды

18.10.2018

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болды

18.10.2018

Тағдыры ұқсас таланттар

18.10.2018

Кубань казактары қазақша шырқады

18.10.2018

Қарағандыда тәртіп сақшылары мен құтқарушылар 850 млн теңгенің жаңа техникасына ие болды

18.10.2018

Жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

18.10.2018

Әлемдік рейтинг жаңартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу