09 Қараша, 2011

Компьютерлік томографияға қол жетті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық онкологиялық аурухананың қолы жеткен  «Philips Brilliance CT» аталатын бұл медициналық қондыр­ғыны адам денесінің ауруын анықтап беретін ғажайып көшірме құрал деуге де болады. Өндірісі көп, экологиясы улана бастаған өңірде онкологиялық аурулардың санын азайтуға көмек берері сөзсіз. Дәрігерлердің айтуынша,  науқастың барлық ағзасын толық тексеріп, ісік ауруларын анықтап береді. Қондырғымен қалай жұмыс жасау керектігін мәскеулік дәрігерлер таныстыруда. Жаңа қондырғының қыр-сырын түсініп, дәрігер-мамандар қазір оқып-үйренуде. Қондырғының ерекшелігі – дәлдігі. Және де бар-жоғы 20 секөнт ішінде науқасты тексеріп бере алады. Бұл қондыр­ғыны сатып алуға республикалық бюджеттен 126 миллион теңге бөлініпті. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.