Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017

Дөп-дөңгелек дүние

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшақта қатар отырған апай­дың он саусағы тола жүзік екен. Бірінен бірі өткен әдемі, зер­лі, бағалы әшекейлер. Мен оны әуелде байқар ма едім, бай­қамас па едім, егер апай сау­сақтарын қайта-қайта бүгіп-жазып, бүгіп-жазып назарымды аудармағанда...

Дөп-дөңгелек дүние

Өкінішке қарай мұндай қым­­бат заттармен әуестенген емеспін. Бар білерім, алтын-кү­міс, меруерт-маржан, ақық-гауһар – бәрі асыл тас. Қай уақытта да құнын жоғалтпайды. Әйтсе де осы соңғы қасиетіне келгенде ептеп көңіліме күмән үйірілетіні рас. Себебі қилы заман, қиын кезеңді айтпай-ақ қоялық, егер мына мен сияқты асыл тастың құнын білмейтін жанға тап болса ше?..

Бәлкім, содан ба екен, өзім білетін дүниенің қадіріне жетіп алсам да жарар деген оймен қо­лым­дағы кітапқа қайта үңілдім.

Ал апай болса, саусағын бү­гіп-жазып, бүгіп-жазып, мұн­шама қымбат дүниеге көз қиы­ғыңды да салмайтын сен кім едің дегендей басын шалқайтып, көзін жұмып отырып, бір кезде қалғып кетті.

«Уһ!» дедім іштей. Содан соң «Осы апай да мынау қызық новелланы оқыса, екеуміз бір-бірімізге пікірімізді айтып, әңгі­мелесер едік-ау», деген бір қызық қиялға берілдім.

 

Нұрғали Ораз,

«Егемен Қазақстан»