Бизнес • 06 Желтоқсан, 2017

Премьер-Министр «Алтын сапа» сыйлығын табыстады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев үздік кәсіпорындарды ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығымен марапаттады, деп хабарлайды egemen.kz.

Премьер-Министр «Алтын сапа» сыйлығын табыстады

«Алтын сапа» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорны» аталымы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында  Атырау облысының «РауанНалко» ЖШС, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Маңғыстау облысының «Каскор-Машзавод» АҚ, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында Солтүстік Қазақстан облысының «AVAGRO» ЖШС лауреат атанды.

«Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында  Алматының «Алматы өнімдері» ЖШС, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Алматы облысының «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында Оңтүстік Қазақстан облысының «Planta» ЖШС жеңімпаз болды. 

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері ішінен Астананың «Медикер – өндірістік медицина» ЖШС, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Қарағанды облысының «Дефектоскопия» ЖКС, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында Астананың «Скулбас» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді.