Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2017

Атырауда браконьерлерден жарты тоннадан астам балық тәркіленді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұсталған кезде құқық бұзушылардың моторлы қайығында балықтан басқа  тыйым салынған балық аулау құралдары табылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар  қызметі.

Атырауда браконьерлерден жарты тоннадан астам балық тәркіленді

5 қараша күні кешкі сағат 21.00-де Дамба ауылындағы Жайық  өзенінде рейдтік іс-шаралар кезінде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен қуаты 200 аттық күші бар «Амур» моторлы қайығын ұстады.

Қайықта Құрманғазы ауылының екі тұрғыны болған. Құқық бұзушылық кезінде 667 кг қара балық пен тыйым салынған құралдар – қытай ауы  табылды.  

«Қазіргі уақытта құқық бұзушылар ұсталып, балық тәркіленді.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша алдын ала тергеу басталды», деп хабарлады Атырау облысының аумақтық орман және жануарлар дүниесі аумақтық  инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.