Парламент • 06 Желтоқсан, 2017

Депутаттар Қазақстан-Түрікмен шекарасына қатысты заң жобасын мақұлдады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметінен. 

Депутаттар Қазақстан-Түрікмен шекарасына қатысты заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс төрағасы Қазақстанның іргелес елдермен мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өтті.

«Біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде», деді Н.Нығматулин.

Осыған сәйкес дәл қазір Қырғызстан, Өзбекстан елдері  бойынша да құжаттарды қол қоюға дайындау жұмыстары жүріп жатыр, ҚХР-мен бұл үрдіс аяқталды. Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей шекарасын шегендеу жұмысы жалғасуда.

«Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез-келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді», деді Мәжіліс спикері.