09 Қараша, 2011

Ырғызға ұшақ қатынайды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шалғайдағы Ырғыз ауданының орталығында әуежай ашылып, жиырма жыл үзілістен кейін жолау­шылар ұшағы қатынай бастады. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­са­ңында пайдалануға беріліп отырған әуежайдың ұшу-қону ала­ңын қайта жарақтандыруға өткен жылы 67200,0 мың теңге жұмсалса, үсті­міздегі жылы 20006,0 мың теңге бөлінген. Әуежайдың ұшу-қону ала­ңын қайта жарақтандыру, қалпына келтіру жұмыстарын «КазПромСтройГрупп» ЖШС жүргізді. Ырғыз­дықтар бұрын облыс орталығына автокөлікпен 6-7 сағат жүріп ба­ра­тын болса, енді L-410 ұшағымен       1 сағат 2 минутта жететін болды. Мұн­да бес адам жұмыс істейді. Апта­сына екі рет қатынайтын ұшақтың бір адамға билет бағасы 15782 теңге тұрғанымен жолаушы 3 мың теңгесін ғана төлейді. Қалғаны облыстық бюд­жет есебінен өтеледі. Әуе­жай­дың құрылыс жұмыстарын жүр­гізген «КазПромСтройГрупп» ЖШС ди­ректоры Бақытжан Ержанов әуежайға теледидар сыйлап, 15 зейнеткерге өз қаражатына билет алып берді. Жаңадан ашылған әуе­жайдың лентасын аудан әкімі Мирхан Дуанбеков пен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас­­тығы Мәлімбет Ыбырашев қиды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.