ГАЗ зауытының жұмысшыларымен жəне ардагерлерімен кездесу барысында Владимир Путин: "Мен Ресей Федерациясының президентіне кандидатурамды ұсынамын", - деді. РИА Новости бұл сөзді естіген залдағы халықтың қошемет білдіргенін жазды. "Ниеттеріңізге рахмет, бастысы еңбектеріңізге рахмет. Ісімізге, кәсіпорнымызға, қаламызға, елімізге деген қарым-қатынастарыңызға алғыс. Қолымыздан келеді, сенімдімін", - деді РФ президенті Владимир Путин.
Естеріңізге сала кетсек, Путин алғаш рет РФ президенті болып 2000 жылы сайланды. 2004 жылы қайта сайланып, 2008-2012 жылдар аралығында үкімет төрағасы болды. 2012 жылы қайта президент қызметіне келді.