Футбол • 06 Желтоқсан, 2017

Станимир Стойлов, «Астана» командасының бас бапкері: Егер жеңіске жетсек Еуропаны елең еткізер едік

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Славия» - «Астана» командалары арасындағы ойын алдында қазақстандық команданың бас бапкері баспасөз мәслихатын өткізді.  

Станимир Стойлов, «Астана» командасының бас бапкері: Егер жеңіске жетсек Еуропаны елең еткізер едік

-  Әдеттегідей, соңғы ойынға 1 апта бұрын ерте келеміз. Қазақстанда қазір күн салқын, әрі жолдастық ойын өткізуге мүмкіндік жоқ. Футболшыларымыздың барлығы дін аман. «Славия» ойынның фавориті екені түсінікті. Дегенмен, бізге де үш ұпай керек. Жеңіске жетсек нағыз сенсация болады.

- Күзде Ласло Кляйнхайслер алаңға жақын арада шығады деп едіңіз. Ертеңгі матчқа шығуы мүмкін бе?

- Ласло әлі толықтай дайын емес. Ол негізінен келесі жылға дайындалып жүр. Қалған футболшыларымыздың барлығы жарақатсыз, толықтай жаттығу өткізіп келеді.

- Ресми ойындарыңыз соңғы кезде азайып кетті. Бұл дұрыс па, әлде бұрыс па?

- Ешқандай жаттығу, жолдастық кездесу ресми ойынды алмастыра алмайды. Әрине, ресми ойынның жоқтығы кедергісін тигізеді. Дегенмен, жақсылап дайындалып шықсақ бір ойында жеңіске жетуге болады. Егер жеңіске жетсек Еуропаны елең еткізер едік.

- Қарсылас команда сапынан кімнен қауіп күтесіз?

- Шынымды айтсам, «Славия» жақсы команда екенін мойындадым. Ол командадан 2-3 футболшыны ерекшелеуге болар еді. Десе де, олардың командалық қозғалысы мықты екен. Барлығы біркелкі деңгейдегі футболшылар. Мұндай команда кәнігі үйлесімді ұжымға айналады.

- Футболшыларыңызға сыйақы берілмей жүр деп едіңіз, осы сұрақ шешілді ме? Сонымен қатар, өзіңіз «Астанамен» келісімді ұзартасыз ба?

- Сыйақы жөнінде айтатын болсам, ештеңе де шешілмеді. Бұл жайында ешқандай алғажылжу жоқ. Ал жеке өзіме келетін болсам, әлі басшылармен сөйлескен жоқпын. Осы матчтан кейін шешіліп те қалатын шығар.  

Ермұхамед Мәулен