09 Қараша, 2011

Нұротандықтар қатары толыға түсті

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміздің ең мерейлі мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында аймақ­тың абыройлы да танымал аза­маттары «Нұр Отан» ха­лықтық-демократиялық партиясының қатарына өтуге өтініш-тілектерін көптеп білдіруде. Соның нәтижесінде, об­лыстағы партия мүшеле­рі­нің саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, осы жылдың он айында 2781 адам мүше­лікке өтті. Бұл «Нұр Отан­ның» жетекші, нағыз халық­тық партия екендігінің бір көрінісі деуге болады. Кеше «Нұр Отан» ХДП об­лыстық филиалының төр­аға­сы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа аты мәлім 20 азаматқа партия билеттерін салтанатты түрде тапсырды. Олардың арасында бокстан әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Ә.Ниязымбетов, Бекет ата ұрпағы, зейнеткер Б.Сән­дібекұлы, ғылым докторы А.Демеуова, қазақтың тұңғыш контр-адмиралы Р.Комратов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың бас директоры Ә.Мағауов, об­лыс әкімінің орынбасары Б.Паритов, жас ақын Б.Жайлау және басқалар бар. Осы салтанатты сәтте Пір Бекет атаның ұрпағы Бердіхан Сәндібекұлы сөз алды. «Мен бү­гін өзімнің 80 жылдық өмі­рімде тарихи сәтті бастан кешіп тұрмын. Елімнің ең ұлы тойы Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғы қарсаңында Ұлт көш­бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын партия қатарына қабылдандым. Мен бұл жи­на­лысқа Бекет атамның қасиетті Көк асасын алып келдім. Бұл Ата рухы қазақ халқын, Ел­басын, оның сарабдал сая­са­тын жемісті жүргізіп келе жатқан «Нұр Отан» партия­сын әрдайым қолдап, қорғап жүрсін деген ниетім. Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік болып, көк байрағы биікте желбірей берсін! Баршамызды Пір Бекет атаның аруағы қолдасын» деген ақ тілегін білдірді. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау. ------------------------------- Суретте: Пір Бекет ата ұрпағы Б.Сәндібекұлы.