Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2017

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталмыш роликтер «Qazaqstan today» жобасының шеңберінде «IGRAPHIC» дизайн-бюросымен бірігіп әзірленді. 

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды

Алдағы уақытта дайындалған бейнематериалдар Ұлттық арнада және корпорация құрамына кіретін аймақтық филиалдарда көрсетілетін болады. Жобаның басты мақсаты халықты  жаңа индустриалды жобалармен таныстырып, маңыздылығын жеткізу. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мүмкіндігі жайлы алдын-ала ақпарат беру. Бейнероликтер  Маңғыстау облысындағы Құрық портындағы паром кешені, Павлодар облысындағы қоспалы алюминий өндірісін ұйымдастыру, Алматы облысындағы металл құрастыру зауыты және басқа да Индустриализация бағдарламасының аясындағы жобаларға арналатын болады.

Айта кетейік, «Qazaqstan today» жобасы маңызды тақырыптарды оңай түрде әрі қызықты формада жеткізеді. Сонымен қатар, «Qazaqstan» арнасында қыркүйек айынан бастап Семей полигоны, «Астана ЭКСПО-2017», қазақ тілінің латын графикасына өтуі, «Нұрлы Жол» және Тұңғыш Президент күніне арналған бейнероликтер жарыққа шықты.